Архив событий

01/07/2016

Назарларыңызға! «Ашық есік күні» өткізілетінін хабарлаймыз!

01/07/2016

Қызылорда облыстық сотының жоспарына сәйкес, 2016 жылдың 4 шілдесінде, сағат 11:00-ден 13:00 аралығында Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында осы соттың төрағасы мен судьяларының қатысуымен кезекті «Ашық есік күні» іс-шарасы өткізілетінін хабарлаймыз.

«Ашық есік күні» іс-шарасына кез-келген тілек білдіруші азаматтар қатысып өзінің сұрақтарын қоюға мүмкіндіктері бар.

Іс-шараның өткізілу мақсаты азаматтардың құқықтық мәдениетін және сот төрелігінің деңгейін арттыру болып табылады.

Қылмыстық іс бойынша брифинг өткізілді

01/07/2016

Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қоғамдық пікір туғызған іс бойынша брифинг өткізді.

Алкогольдік масаң күйде көршісін өлтірген 24 жастағы сотталушы жігітке қатысты қылмыстық іс бойынша төрағалық еткен судья С.Сүлеймен БАҚ өкілдерінің қойған сұрақтарына жауап берді.

Сот үкімімен сотталушы 8 жылға бас бостандығынан айырылып, жазасын қатаң режимдегі түзеу колониясында өтеу тағайындалған.  

Берешек қарызды өндіру ісі тараптардың татуласуымен тоқтатылды

01/07/2016

     Қазалы аудандық сотында талап қоюшы Н-ның жауапкер М-дан берешек қарызды өндіруді сұраған азаматтық ісі қаралды .

     Талап қоюшы Н. жауапкер М-ның 220 000 теңге соммасындағы қарызды өндіруді сұрап сотқа жүгінген.

       Сотта тараптар арасындағы дау  медиация тәртібімен реттеліп, медиация шарты сотқа бекіту үшін ұсынылған.

Қызылорда қалалық сотында брифинг өтті

01/07/2016

Қызылорда қалалық сотында «Қоғам ТВ» телеарнасының журналистерінің қатысуымен брифинг өтті.

Брифингте Судья М.Исаханова «Заңсыз салынған құрылыстардың меншік иесі деп тану туралы азаматтық істердің қаралуы» тақырыбында сөз сойлеп, сот өндірісіндегі осы санаттағы істердің қаралу барысына тоқталды.