Архив событий

29/07/2016

Көлік басқару құқығынан айырылды

29/07/2016

Қармақшы аудандық сотында К-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта, азамат К. Шымкент-Самара тас жолында алькоголдік масаң күйде көлік құралын жүргізгені анықталды.

Сот қаулысымен азамат К., ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 1-бөлігі бойынша   кінәлі деп танылып, 3 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру түріндегі әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ  

Қазалы аудандық сотында семинар сабағы өткізілді

29/07/2016

Қазалы аудандық сотында сот қызметкерлерінің қатысуымен «Сот отырысының барысын түсіріп алуды қамтамасыз ететін аудио-бейнежазба құралдарын техникалық қолдану, аудио-бейнежазбаны сақтау және жою, аудио-бейнежазбаға қол жеткізу қағидалары» тақырыбында семинар сабағы өткізілді.

«Медиацияның қолданылуы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

29/07/2016

Шиелі аудандық сотында «Медиация заңының қолданылуы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстел жұмысына Шиелі аудандық сотының төрағасы М.Еркінбеков, аудандық сотының судьялары мен кәсіби емес медиатор А.Батырбаев, аудандық прокуратура өкілі және адвокаттар қатысты.

Кәмелетке толмағандар қылмыстық жазаға тартылды

29/07/2016

Қызылорда облысының кәмелетке томағандардың істері жөніндегі мамандырылған ауданаралық соты кәмелетке толмағандардың қылмыстық ісін қарап үкім шығарды.

Кәмелетке толмаған Т. «OLX» интернет желісі арқылы, бұрын соңды танымайтын, кәмелетке толмаған Р.- мен хабарласып, соңғының «Айфон-4» моделді ұялы телефонын сатып алуға шақырған.

Содан кейін, Т. кәмелетке толмаған А. кәмелетке толмаған Р.-мен кездескен..

Мемлекеттік тілді қолдану жөнінде семинар өткізілді

29/07/2016

Қармақшы аудандық сотымен «Мемлекеттік тілде сот актілерін әзірлеу барысында жиі кездесетін мәселелер» тақырыбында семинар өткізілді.    Семинарға соттың кеңсе меңгерушісі мен мамандары қатысты.

Семинардың мақсаты – мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, сот актілері мен құжаттарды ресімдеу бойынша әдістемелік көмек көрсету.

Іс-шараны кеңсе менгерушісі Е.Мәтжанов ашып, күн тәртібімен таныстырды. Жұмыс барысында мемлекеттік тілде сот актілері мен құжаттарды әзірлеуде ең көп кездесетін сұрақтар талқыланды.

Семинар сабағы өтті

29/07/2016

Арал аудандық сотында сот қызметкерлерінің қатысуымен «Атқару құжаттарын электронды түрде жолдау» тақырыбында семинар сабағы өткізілді.

Әйелін балағаттағаны үшін ескерту жасалды

29/07/2016

Қызылорда  қалалық  мамандандырылған  әкімшілік соты азамат Н-ға қатысты әкімшілік іс қарады.

Сотта, азамат Н. тұрғынжайда өзінің әйеліне былапыт сөйлеп, ұрыс-жанжал шығарып, отбасының тыныштығын бұзғаны анықталды.

Сот қаулысымен азамат Н. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы кодексінің 73-бабының 1-бөлігі («Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер») бойынша кінәлі деп танылып, әкімшілік жаза ретінде ескерту жасалды. 

Сот ұсақ бұзақылық жасаған үшін айыппұл салды

29/07/2016

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты кәмелетке толмаған баламен жасалған ұсақ бұзақылық үшін ата-анасына айыппұл салды.

Құқық бұзушы Ж-ға қатысты  әкімшілік  құқық  бұзушылық  туралы  хаттама толтырылып, хаттамаға сәйкес Ж-ның тәрбиесіндегі кәмелетке толмаған ұлы Қызылорда қаласында орналасқан спорт алаңының ауласында шемішке шағып,  шемішке қалдығын жерге тастап, қоғамдық орынды ластап, айналасындағыларға сыйламаушылық білдіргені анықталды.

Азаматтық іс бойынша брифинг өткізілді

29/07/2016

Талапкер «Қ» республикалық мемлекеттік мекемесінің жауапкер «А» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне мемлекеттік тіркеуін жарамсыз деп тану туралы талап арызбен сотқа жүгінген.

 Іс құжаттарынан анықталғандай, «А» ЖШС-і 2011 жылдың 20 қаңтарында мемлекеттік тіркеуден өткен.

Жаңақорған аудандық сотында қылмыстық іс бойынша брифинг өткізілді

29/07/2016

Жаңақорған аудандық сотының төрағасы Н.Қосанов, «Жаңақорған тынысы» газетінің бас редакторы Қ.Абдуовтың қатысуымен брифинг өткізді.

Брифинг барысында Жаңақорған аудандық сотының төрағасы Н.Қосанов Қазақстан Республикасы ҚК-нің 366-бабының 2-бөлігінің айыпталған сотталушы О-ның қылмыстық ісі бойынша түсіндірме беріп өтті.

Назарларыңызға! «Ашық есік күні» өткізілетінін хабарлаймыз

29/07/2016

Қызылорда  облыстық сотының жоспарына сәйкес, 2016 жылдың 08 тамызы күні, сағат 16:00 ден 18:00 аралығында Қызылорда қаласының №2 сотында осы соттың төрағасы мен судьяларының қатысуымен  кезекті «Ашық есік күні» іс-шарасы өткізілетінін  хабарлаймыз.

«Ашық есік күні» іс-шарасына кез-келген тілек білдіруші азаматтар қатысып  өзінің сұрақтарын қоюға мүмкіндіктері бар.

Іс-шараның өткізілу мақсаты азаматтардың құқықтық мәдениетін және сот  төрелігінің деңгейін арттыру болып табылады.

СМС хабарлама жолдау және аудио-бейне құрылғыларын дұрыс пайдалану тақырыбында семинар сабағы өтті

29/07/2016

Қызылорда қаласының № 2 сотында «Сот ісін жүргізу барысында СМС хабарлама жолдау және аудио-бейне құрылғыларын дұрыс пайдалану тақырыбында семинар сабағы өткізілді.

Семинар сабағын кеңсе меңгерушісі Ұ.Шабарова ашып, сөз кезегін бас маман сот отырысының хатшысы А.Мыхановаға берді.

Қызылорда қаласының №2 сотында баспасөз мәслихаты өткізілді

29/07/2016

Қызылорда қаласының №2 сотында жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен 2016 жылдың бірінші жартыжылдығында сот әділдігін жүзеге асыруда атқарылған жұмыстардың қорытындысы бойынша баспасөз мәслихаты өткізілді.