Архив событий

13/07/2016

Судьялар балалар ынтымақтастығы төңірегіндегі сұрақтарды талқылады

13/07/2016

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы А.Әбу Өскемен облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі №1 сотында өткен дөңгелек үстелге қатысты.

Іс сапар барысында сот процесіне қатысушы балалар арасында сауалнама жүргізілді. ЮНИСЕФ Халықаралық балалар қорының эксперті профессоры И.Мацкевичтің «Балалардың пікірі» тақырыбындағы баяндамасында сауалнама қорытындылары көрсетілген.

Азаматтық іс медиация тәртібімен қысқартылды

13/07/2016

Талапкер «А» жеке кәсіпкер жауапкер «К» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен 2 959 260 теңге және 88 778 теңге мемлекеттік баж өңдіру туралы талап арызбен сотқа жүгінген.

Сотта тараптар дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімге келген. ҚР АПК-нің 277-бабының 6-тармағына сәйкес, тараптар дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісім  жасасса және оны сот бекітсе іс жүргізу тоқтатылады.

«Ашық есік күні» өткізілді

13/07/2016

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Ашық есік күні» шарасы өткізіліп, шараға келген азаматтарды сот төрағасы А.Әбу қабылдады. Қабылдауда болған азаматша өзінің қамқорлығындағы балалардың әкесін әкелік құқығынан айыру мәселесі жайлы сұрады.

Сот төрағасы А.К.Әбу азаматшаға заң нормаларын түсіндіріп, сауалдарына жауап берді.

 

Шиелі аудандық сотында 2016 жылдың 1 жартыжылдығында сот төрелігін жүзеге асыру туралы баспасөз-конференциясы өткізілді

13/07/2016

Шиелі аудандық сотында бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен баспасөз - конференциясы  өтті.

Баспасөз конференциясына сот төрағасы М.Ж.Еркінбеков, аудандық сотының судьялары және жергілікті БАҚ өкілдері қатысты.

«Мемлекеттік баж төлеудің кейбір мәселелері туралы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

13/07/2016

Қармақшы  аудандық сотында «Мемлекеттік баж төлеудің кейбір мәселелері туралы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Шараға аудандық сот судьясы және аудандық  прокуратура, мемлекеттік кірістер басқармасының өкілдері қатысты.

Дөңгелек үстел жұмысында судья Л.Алибекова мен бас маман С.Жалғасбаева баяндамалар жасады.

Сот төрағасы Қазақстан Республикасының Парламент мәжілісінің депутатымен кездесті

13/07/2016

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Әбу Айбек Кеңесұлы Қазақстан Республикасының Парламент мәжілісінің депутаты Жумадильдаева Наталья Васильевнамен кездесті.

Бұл сот төрағасының депутатпен екінші кездесуі. Алғашқы кездесулері осыдан бір ай бұрын Норвегия Корольдігінде балалар құқығын қорғау саласында тәжірибе алмасу мақсатында ұйымдастырылған іс-сапар болатын.

Жекеше айыптау істерін қарау тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

13/07/2016

Сырдария аудандық соты «Жекеше айыптау істерін қарау ерекшеліктері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Іс шараға Сырдария ауданының прокуратура, ішкі істер бөлімінің өкілдері және қорғаушылар қатысты.

Сот төрағасы А.Абдулла өз баяндамасында жекеше айыптау істері бойынша статистикалық мәліметтерді келтіріп, сотқа материалдарды жолдау барысында ішкі істер бөлімі қызметкерлерінің тарапынан жіберілетін кемшіліктер жөнінде айтып өтті.

Сот дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім бекітті

13/07/2016

Азаматша С. сотқа жауапкер А. екеуінің арасындағы заңды некені бұзу туралы талап қою арызын келтірді.

Сот анықтағандай, істі карау барысында тараптар дауды сот медиациясы тәртібімен шешуге келісіп, татуласу рәсімдерін өту туралы сот медиациясын өткізу жөнінде өтінішпен жүгінген.   

ҚР АПК-нің 278-баптың талабына сәйкес сот істі қысқартудың тәртібі мен салдарын тараптарға түсіндірді.

Қызылорда қалалық сотының қызметкері «Күміс алқа» иегері атанды

13/07/2016

Қызылорда қалалық сотының бас маман сот отырысының хатшысы Гаухар Бисенқызы Мырзатаева Қазақстан Республикасы Президентінің 14 маусым 2016 жылғы Жарлығы бойынша «Күміс алқа» марапатын иеленді.

Мемлекеттік қызметкер Г.Мырзатаева алты баланы дүниеге әкеліп, жолдасымен бірге олардың тәрбиесімен айналысып отыр.\         Ұжымдастары бақытты да базарлы жанұяны биік марапатымен құттықтап, ұзақ ғұмыр тілейді.