Архив событий

14/07/2016

Отбасы мүшелеріне сыйламаушылық көрсеткен тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды

14/07/2016

Сырдария аудандық сотында азамат Ш-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Сотта, азамат Ш. алкогольдік масаң күйде, отбасы-тұрмыстық қатынастардағы адамдарға, яғни анасына балағат сөздер айтып, жанұя шырқын бұзып, сыйламаушылық  көрсеткені анықталды.

Сот қаулысымен азамат Ш. Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған әкімшілік жаза ретінде ескерту жасалды.

Оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібін талқылау бойынша дөңгелек үстел өтті

14/07/2016

Сырдария аудандық сотында оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібін талқылау бойынша дөңгелек үстел өткізілді.

Іс шараға  Сырдария  ауданы  прокурорының  орынбасары  Т.Орақбаев және қорғаушы Қ.Жаппасбаева қатысты.

Сот төрағасы А.Абдулла  осы жылы қолданысқа енген Азаматтық процестік Кодексі  азаматтар мен заңды тұлғалардың конституциялық құқықтарын, бостандықтары  мен заңды мүдделерін соттың тиімді қорғауына бағытталып, дауларды қарастыру  және шешу сапасын тездететіні туралы атап өтті.

Қылмыстық іс медиация тәртібімен қысқартылды

14/07/2016

Шиелі  аудандық сотында Қазақстан Республикасының ҚК-нің 188 бабының   1 бөлігімен айыпталған  Н-ның  қылмыстық ісі медиация тәртібімен  қысқартылды.

Сотта, азаматша Н. азамат Т-ның ұялы телефонын ұрлап, жәбірленушіге 60 000 теңге материалдық залал келтіргені анықталды.

Сот ұсақ бұзақылық жасағаны үшін айыппұл тағайындады

14/07/2016

Қармақшы аудандық сотында азамат А-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта, азамат А. ауыл тұрғыны Н-ға былапыт сөздер айтып, балағаттап, айналасындағыларға сыйламаушылық білдіріп, ұсақ бұзақылық жасағаны анықталды.

Сот қаулысымен азамат А. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы кодексінің 434-бабының 1-бөлігімен («Ұсақ бұзақылық») кінәлі деп танылып, оған 10 АЕК көлемінде әкімшілік айыппұл салу түріндегі жаза тағайындалды.

Сот қаулысы заңды күшіне енбеген.

Байқоңыр қалалық сотында баспасөз-конференция өткізілді

14/07/2016

Байқоңыр қалалық сотында 2016 жылдың  6 айында    атқарылған жұмыс қорытындысы бойынша баспасөз-конференция өткізілді.

Аталған шараға сот төрағасы М.Тұрғанбаев пен жергілікті «Тәуекел Туы» газетінің тілшісі қатысты.

Баспасөз-конференцияда қалалық соттың 2016 жылдың 1- жартыжылдығында атқарылған іс-шаралар жайлы төраға М.Тұрғанбаевтың баяндауымен сөз қозғалып, қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер жөнінде сот төрелігін жүзеге асыру қорытындылары бойынша бұқаралық ақпараттар құралдары өкіліне ақпарат берді.

Арал аудандық сотында 2016 жылдың бірінші жартыжылдығында сот әділдігін жүзеге асыру барысында атқарылған жұмыстардың қорытындысы бойынша баспасөз мәслихаты өткізілді

14/07/2016

Арал аудандық сотында 13 шілде 2016 жылы жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен 2016 жылдың бірінші жартыжылдығында сот әділдігін жүзеге асыруда атқарылған жұмыстардың қорытындысы бойынша баспасөз мәслихаты өткізілді.

Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасы БАҚ өкілдерімен баспасөз конференциясын өткізді

14/07/2016

Қызылорда қалалық мамандандырылған әкімшілік сотының  төрағасы М.Ибрашев бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша БАҚ өкілдерінің  қатысуымен баспасөз конференциясы өткізді.

Қызылорда қалалық мамандандырылған әкімшілік сотына 2016 жылдың бірінші  жартыжылдығында 3359  әкімшілік іс  келіп түскен  Оның ішінде 9 әкімшілік іс ведомстволық бағыныстылық бойынша қарау үшін жолданса,  3259  әкімшілік іс негізінен қаралған.

Қызылорда облысы бойынша соттар әкімшісінің Конкурстық комиссиясы отырысының хаттамасынан үзінді (14.07.2016 ж.)

14/07/2016

Тапсырылған құжаттардың және өткізілген әңгімелесу нәтижесінің негізінде Конкурстық комиссияның оң шешімін алған кандидаттар тізімі:

1.Қызылорда  қалалық   соты   кеңсесінің   бас   маман-сот  мәжілісінің хатшысы (уақытша бос, санаты С-R-4)  лауазымына :

Алыбаева  Салтанат  Алайдаровна. 

2.Шиелі  аудандық  соты  кеңсесінің  бас  маман-сот мәжілісінің  хатшысы (уақытша  бос, санаты С-R-4)  лауазымына :

  Шадаева  Айгүл  Әбілқасымқызы.