Архив событий

07/07/2016

Жанұя шырқын бұзғаны үшін жазаланды

07/07/2016

Арал аудандық сотында азамат Т-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды

Іс құжаттарына сәйкес, құқық бұзушы Т., алкогольдік масаң күйде, отбасы-тұрмыстық қатынастағы әйеліне балағат сөздер айтып, жанұя шырқын бұзып, сыйламаушылық білдірген.

Қызылорда қалалық сотында «Қаралып аяқталған азаматтық істерді рәсімдеу» тақырыбында семинар өтті

07/07/2016

Қызылорда қалалық сотында кеңсе қызметкерлері мен сот мәжілісі хатшыларының қатысуымен «Қаралып аяқталған азаматтық істерді рәсімдеу» тақырыбында оқып үйрену сабағы  өтті.

Кеңсе меңгерушісі А.Кульманова қаралып аяқталған азаматтық істерді рәсімдеу және осы жұмыста орын алатын кемшіліктер жайлы айтып берді.

Сондай-ақ, істердің ішкі тізімдемелерін толтыру барысында іске тіркелген сот отырысы хаттамаларының аудио, бейне жазбасы жазылған құрылғылардың міндетті түрде белгіленуі қажеттілігі айтылды. 

Назарларыңызға! «Ашық есік күні» өткізілетінін хабарлаймыз

07/07/2016

Қызылорда  облыстық сотының жоспарына сәйкес, 2016 жылдың 11 шілдесінде, сағат 16:00 ден 18:00 аралығында Қызылорда қаласының №2 сотында осы соттың төрағасы мен судьяларының қатысуымен  кезекті «Ашық есік күні» іс-шарасы өткізілетінін  хабарлаймыз.

«Ашық есік күні» іс-шарасына кез-келген тілек білдіруші азаматтар қатысып,  өзінің сұрақтарын қоюға мүмкіндіктері бар.

Іс-шараның өткізілу мақсаты азаматтардың құқықтық мәдениетін және сот  төрелігінің деңгейін арттыру болып табылады.

«Сот кабинеті» сервисін қолдану бойынша семинар өткізілді

07/07/2016

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты кеңсе мамандары арасында «Сот кабинеті» сервисінің жаңа мүмкіндіктерін және оны қолдануды түсіндіру мақсатында семинар сабағын өткізді.

Семинар тыңдаушыларына «Сот кабинеті» электронды сервисіне тіркелу/кіру нұсқаулығынан бастап, сервис функционалдарының әрқайсысының ішіндегі тараулары бөлек мысалдар келтіру арқылы түсіндірілді.

Есірткі затын иемдегені және сақтағаны үшін кінәлі деп танылды

07/07/2016

№2 Қызылорда қалалық соты азамат П-ға қатысты қылмыстық іс қарады.

Сотта, сотталушы П. «Ақтөбе-Алматы» поезында бара жатып, Қызылорда стансасындағы ішкі істер желілік бөлімінің жедел-іздестіру шара барысында ұсталғаны анықталды. Одан жалпы салмағы 11,28 грамм есірткі заты-марихуана алынған, яғни ол заңсыз тасымалдап, сақтап жүрген.

Басты сот талқылауында сотталушы П. кінәсін толық мойындады.

Қызылорда қалалық сотында тараптарға сот отырысы жайлы хабарлау мен шақырту тәртібін оқып-үйрену сабағы өтті

07/07/2016

Қызылорда қалалық сотында кеңсе қызметкерлері мен сот мәжілісі хатшыларының қатысуымен «Аудандық және оған теңестірілген соттарда іс қағаздарын жүргізу Ережелеріне» сәйкес, тараптарға сот отырысы жайлы хабарлау мен шақырту тәртібін оқып-үйрену сабағы өтті.    

Бас маман сот отырысының хатшысы Э.Абдикаримова ҚР АПК мен Ереженің 7 тарауына сәйкес, тараптарға сот отырысы жайлы хабарлау мен шақырту тәртібін «Төрелік» апараттық жүйесін қолдана отырып атқару жайлы айтып берді.

Анасын балағаттағаны үшін әкімшілік қамаққа алынып, ерекше талаптар белгіленді

07/07/2016

Қызылорда  қалалық мамандандырылған әкімшілік соты азамат А-ға қатысты әкімшілік іс қарады.

Сотта, азамат А. үйіне келіп,  анасына қарсы балағат сөздер айтып, былапыт сөйлеп, қорлап тиісіп, отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастағы азаматтарға сыйламаушылық білдіретін әрекеттер жасағаны анықталды.

Қызылорда қалалық сотында «Ашық есік күні» өтеді

07/07/2016

Қызылорда қалалық сотында 2016 жылдың 11 шілдесінде сағат 10-00 мен 12-00 аралығында «Ашық есік күні» өтеді.

«Ашық есік күніне» кез-келген азамат немесе заңды тұлғаның өкілі қатысып, сот жұмысына немесе басқа да мәселелер бойынша сауалдар қоя алады.

Қатысушылар қосымша ақпарат алу үшін 55-97-95, 55-97-84 номеріне хабарласуына болады.

     

Ұрлық бойынша қылмыстық іс медиация тәртібімен қысқартылды

07/07/2016

Байқоңыр қалалық сотында сотталушы Т.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес,  сотталушы Т. ұрлық жасап, яғни бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру арқылы жәбірленуші К-ге 17 675 теңге материалдық шығын келтіріп, оқиға орнынан кетіп қалған.

Сот отырысында сотталушы Т. өз кінәсін мойындап, қылмыстық жауапкершіліктен жауапкермен медиациялық тәртіппен келісімге келуіне байланысты істі қысқартуды сұрады.

Сот Қазақстан Республикасы заңнамасының алкоголь өнімін өткізу жөніндегі талаптарын бұзғаны үшін айыппұл тағайындады

07/07/2016

Қызылорда  қалалық мамандандырылған  әкімшілік соты азамат А-ға қатысты әкімшілік іс қарады.

Сотта, құқық бұзушы А. Қызылорда қаласында орналасқан орналасқан азық-түлік дүкенінде алкоголь өнімін өткізу жөніндегі талаптарын сақтамай, 2 шөлмек сыраны сағат 23:00-ден кейін азамат Ж-ға сатқаны анықталды.

Сот қаулысымен азамат А. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 200-бабының 3-бөлігінің талаптарын бұзғаны үшін кінәлі деп танылып, оған 10 (он) АЕК көлемінде айыппұл тағайындалды.