Архив событий

04/07/2016

Хабарландыру, жалпы конкурс

04/07/2016

«Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін  қамтамасыз ету Департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты  аппаратының) Қызылорда облысы бойынша соттар әкімшісі» республикалық мемлекеттік мекемесі, 120014, Қызылорда қаласы, Әйтеке би көшесі №29, анықтама телефондары: 8 (7242) 55-12-08, 55-12-09, факс: 55-12-03, e-mail: 724-0200@sud.kz,  «Б» корпусының бос және уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурс жариялайды:

 

Хабарландыру, мемлекеттік қызметшілер арасында ішкі конкурс

04/07/2016

«Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін  қамтамасыз ету Департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты  аппаратының) Қызылорда облысы бойынша соттар әкімшісі» республикалық мемлекеттік мекемесі, 120014, Қызылорда қаласы, Әйтеке би көшесі №29, анықтама телефондары:

«Төрелік» ақпараттық жүйесінің қолданылуы жөнінде семинар-тренинг өтті

04/07/2016

Арал аудандық сотында сот қызметкерлеріне «Төрелік» ақпараттық жүйесінің қолданылуы жөнінде семинар-тренинг өткізді.

Кеңсе меңгерушісі З.Сермағамбетова бұл ақпараттық жүйенің мақсаты, іске қатысушылардың, қандай да бір нақты іске қатысты қажетті ақпаратты мерзімінде алуын қамтамасыз болып табылатынын айтты.

Сот көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқарғаны үшін әкімшілік қамақ тағайындады

04/07/2016

Қазалы  аудандық соты азамат Е-ге қатысты әкімшілік іс қарады.

Сотта, азамат Е. көлік құралын басқару құқығы жоқ бола тұра, мото көлігін алкогольдік масаң күйде басқарғаны анықталды.

Сот қаулысымен азамат Е. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы кодексінің 608-бабының 6-бөлігімен көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 20 тәулікке әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды.

 

Мезгілсіз уақытта баласының тұрғын жайдан тыс жерде жүруіне жол бергені үшін айыппұл салынды

04/07/2016

Арал аудандық соты азаматша К-ге қатысты әкімшілік істі қарады.

Сотта, азаматша К. кәмелетке толмаған ұлын сағат 23.00-ден кейін түнгі уақытта заңды өкілдерінің ертіп жүруінсіз тұрғын үйден тыс жерде болуына, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттеріне жол бергені анықталды.     

Ювеналды сотында жас мамандарға «Төрелік» бағдарламасы бойынша үйрету сабағы өткізілді

04/07/2016

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына оқу орнын аяқтап тәжірибеден өтуге келген жас маманға «Төрелік» ақпараттық жүйесімен жұмыс жасауды үйрету сабағы өткізілді.        
Жас маман Қ.Шакиевқа кеңсе меңгерушісі  М.Асанова   «Төрелік» бағдарламасымен кіріс –шығыс құжаттарын тіркеу, шығыстауды, оларды тиісті істермен құжаттармен байланыстыруды, шығысталған құжаттарды тіркеуді, тізімін әзірлеуді, ШПИ бөлігін толтыруды, сұрау салынған істерді Төрелік бағдарламасынан іздеп табуды үйретті.

Қызылорда қалалық сотында «Талап қою арыздарын кері қайтару тәжірибесіне» жасалған шолуды талқылау өтті

04/07/2016

Қызылорда қалалық сотында Қызылорда облыстық сотмен жолданған «Облыс соттарының 2016 жылдың 1 тоқсанында талап қою арыздарын кері қайтару тәжірибесіне» жасалған шолуын талқылау өтті.

«Тема дня» бағдарламасына қатысып Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық кодексі бойынша түсіндірме жасады

04/07/2016

Қызылорда  қалалық мамандандырылған  әкімшілік  сотының  судьясы  Байбулатова  Алуа  Салаватқызы  Қызылорда  қоғамдық  теледидарының «Тема дня»  бағдарламасына  қатысып,  Қазақстан  Республикасының әкімшілік  құқық  бұзушылық  кодексі  бойынша   түсіндірме  жасап, журналистің  сауалдарына  жауап  берді.

Оның  ішінде  көліктегі, жол  шаруашылығындағы  әкімшілік  құқық  бұзушылықтарға, қоғамдық тәртіпке және имандылыққа  қол сұғатын  әкімшілік  құқық  бұзушылықтарға  тоқталды.  

Ювеналды сотында талап арызды қайтару мәселелері бойынша дөңгелек үстел өткізілді

04/07/2016

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында судья Қ.Бержановтың төрағалық етуімен «Талап арызды қайтару – мәселелері» бойынша дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шараға судья Қ.Бержанов, кеңсе меңгерушісі М.Асанова және кеңсе мамандары қатысты.   

Қызылорда облыстық соты судьясының қатысуымен тренинг өткізілді

04/07/2016

Қызылорда  облыстық  сотының  судьясы  М.Ахметовтың  қатысуымен Қызылорда қалалық мамандандырылған әкімшілік сот судьяларының  арасында  Қазақстан  Республикасының әкімшілік құқық  бұзушылық туралы  кодексінің 30- тарауы көліктегі, жол  шаруашылығындағы  әкімшілік  құқық  бұзушылықтар санатындағы әкімшілік істердің заң талаптарына сәйкес  рәсімделуі  бойынша  тренинг  өткізілді.

Тренингте  ҚР ӘҚБтК-нің 608, 611, 596-баптары бойынша келіп  түскен істер  бойынша    құжаттарды  рәсімдеу барысында орын алып  жатқан мән-жайлар  талқыланды.