Архив событий

19/07/2016

Дәрменсіздігіне байланысты банкрот деп танылды

19/07/2016

Арыз беруші «Қызылорда қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» мемлекеттік мекемесі «Б» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне банкроттық рәсімін қозғап, банкрот деп тану туралы арызбен сотқа жүгінген.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Қызылорда қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының 19.04.2016 жылғы салыстырмалы актісіндегі салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша бюджетке берешегі – 7 917 840 теңгені құраған.

Сырдария аудандық сотында «Сот төрелігін жүзеге асырудағы заманауи технологиялар» тақырыбында брифинг өтті

19/07/2016

Сырдария аудандық сотында «Тіршілік тынысы» газетінің тілшісі А.Ибрагимұлының қатысуымен «Сот төрелігін жүзеге асырудағы заманауи технологиялары» тақырыбында брифинг өткізілді.

Брифинг барысында аудандық сот төрағасы А.Абдулла «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарын жүзеге асыру шеңберінде аудандық соттың барлық сот мәжілісі өтетін залдарының дыбыс және бейнетаспамен жабдықталғанын, ол сот процесі бейнесінің толықтығын және сапалылығын қамтамасыз ететінін айтып өтті.

Назарларыңызға! «Ашық есік күні» өткізілетінін хабарлаймыз

19/07/2016

Қызылорда облыстық сотының жоспарына сәйкес, 2016 жылдың 22 шілдесі күні сағат 10:00-ден 12:00 аралығында Қазалы аудандық сотында кезекті «Ашық есік күні» іс-шарасы өткізілетінін хабарлаймыз.

«Ашық есік күніне» кез-келген тілек білдіруші азаматтар қатысып өзінің сұрақтарын қоюға мүмкіндіктері бар.

Іс-шараның өткізілу мақсаты азаматтардың құқықтық мәдениетін және сот төрелігінің деңгейін арттыру болып табылады.

 

Сот отырысының аудио-бейне жазбасын сақтау және жою тәртібі

19/07/2016

Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының қызметкерлері арасында «Сот отырысының аудио-бейне жазбасын сақтау және жою тәртібі» тақырыбында семинар сабағы өткізілді.

Семинар барысында кеңсе меңгерушісі А.Әбілқасымқызы дыбыс-бейне түсіруді қолдану арқылы жүргізілетін сот процестері «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының жүзеге асыру шеңберінде  өткізілуде, ол сот істерін тиімді және объективті қарауға мүмкіндік беретіндігін айтып өтті.

Жалағаш аудандық сотында 2016 жылдың 1 жартыжылдық жұмысы қорытындысы бойынша баспасөз конференциясы өтті

19/07/2016

Жалағаш аудандық сотында ағымдағы жылдың 6 айында аудандық соттың сот төрелігін жүзеге асыру қорытындыларына арналған баспасөз конференциясы өтті.

Іс шараға аудандық соттың төрағасы А.Мизанбаев, сот кеңсесінің қызметкерлері және аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің тілшісі Н.Қазбеков қатысты.

Баспасөз конференциясында аудандық сотта 2016 жылдың 6 айында атқарылған жұмыстар қорытындыланды. Сонымен қатар, жаңадан енгізілген заңдар туралы баяндалды.

Мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп танылды

19/07/2016

Талапкер «Қ» мемлекеттік коммуналдық мекемесі сотқа талап арыз беріп, онда жауапкер «А» жеке кәсіпкерін мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тануды сұраған.

Атап айтқанда, 12.04.2016 жылғы мемлекеттік сатып алу қорытындыларын бекіту туралы шешімі бойынша жеңімпаз болып «А» жеке кәсіпкері танылып, тараптар арасында келісім шарт жасалған. Келісім шартқа сәйкес, жеке кәсіпкер «А» 1250 литр күнбағыс майын тапсырыс берушіге жеткізу міндеттелген.

Автокөлікті алкогольдік масаң күйде басқарған

19/07/2016

Сырдария аудандық сотымен азамат Ж-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта, азамат Ж. автокөлікті алкогольдік масаң күйде басқарып,  «Жол жүрісі қағидаларының» 2-тарауы 4-бөлігі 2-тармағының талабын бұзғаны анықталды.

Сот қаулысымен азамат Ж. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының кодексінің 608-бабының 1-бөлігінде көзделген құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 3(үш) жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру жазасы тағайындалды.

Қызылорда облысы бойынша соттар әкімшісінің мемлекеттік қызметшілері арасындағы жалпы конкурс бойынша (C-R-5 санаты) әңгімелесуге жіберілген кандидаттар тізімі

19/07/2016

2016 жылдың 19  шілдесінде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы соттардың қызметін қамтамасыз ету Департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) Қызылорда облысы бойынша соттар әкімшісінің Конкурстық комиссиясының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға үміткерлерді іріктеу және әңгімелесуге жіберу жөніндегі отырысы өтті.

Конкурстық комиссияның шешімі бойынша  әңгімелесуге жіберілген кандидаттар тізімі:

Сот әкімшілік айыппұл тағайындады

19/07/2016

Қармақшы аудандық соты азамат А-ға қатысты әкімшілік іс қарады.

Сотта, азамат А. автокөлік құралын басқара отырып, жол қозғалысының қауіпсіздігін сақтамай, басты жолмен қозғалып келе жатқан автокөлікке соқтығысқаны анықталды. Жол көлік оқиғасының нәтижесінде автокөліктерге материалдық залал келтірілген.

Сот қаулысымен азамат А. құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Оған 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік айыппұл тағайындалды.

Аудандық сотында жеке қабылдау өткізілді

19/07/2016

Жалағаш аудандық сотының төрағасы азаматтарды қабылдау шарасын өткізді.

Сот төрағасы А.Мизанбаевтың  қабылдауына Еңбек аулының тұрғыны жеке айыптау бойынша қылмыстық іс қозғау туралы сұрақпен  жүгінді. Оған Қазақстан Республикасының Қылмыстық процестік кодексінің нормаларына сәйкес жеке шағым беру тәртібі туралы түсіндірілді.