Архив событий

25/07/2016

Кәмелетке толмаған баласының түнгі уақытта заңды өкілінсіз тұрғын үй-жайдан тыс жүруіне жол берген анасына айыппұл салынды

25/07/2016

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты құқық бұзушы Г-ға қатысты әкімшілік іс қарады.

Сотта, құқық бұзушы Г. кәмелетке толмаған ұлы заңды өкілінсіз тұрғын үй жайдан тыс жерде жүруіне жол берген үшін әкімшілік жазаға тартылған адам бола тұра, бір жыл мерзімде қайталап түнгі сағат 23:11 шамасында Қызылорда қаласы, Тасбөгет кенті, орталық саябақта заңды өкілінің еріп жүруінсіз тұрғын үй-жайдан тыс жүруіне жол бергені анықталды.

Сот ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік қамақ тағайындады

25/07/2016

Қазалы аудандық сотында азамат Ш-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта, жолаушылар пойызында келе жатырған азамат Ш., алкогольді масаң күйде қоғамдық орында былапыт сөздер айтып, жолаушылардың мазасын алып, айналасындағыларға сыйламаушылық білдіріп, ұсақ бұзақылық жасағаны анықталды.

Сот қаулысымен азамат Ш., Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігімен құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 2 /екі/ тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды.

Әкімшілік іс медиация көмегімен қысқартылды

25/07/2016

Байқоңыр қалалық сотында сотында Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-тармағында қарастырылған әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін (отбасылық-тұрмыстық қатынас саласындағы заңға қайшы әрекеттер) азамат Ф-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта, азамат Ф-ға алкогольдік масаң күйде үйінде өзімен бірге тұратын анасымен ұрыс шығарып, ұрыс барысында оған қатысты балағат сөздер айтқандығы анықталды.

Сот отырысында тараптар медиация тәртібімен татуласқанына байланысты соттан әкімшілік істі қысқартуын сұрады.

Сырдария аудандық сотында «Сот ғимаратына өткізу және объектілік режимді қамтамасыз ету - сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» тақырыбы бойынша семинар өтті

25/07/2016

Сырдария аудандық сотында «Сот ғимаратына өткізу және объектілік режимді қамтамасыз ету - сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» тақырыбы бойынша семинар өтті.

Іс-шараға аудандық сотының кеңсе меңгерушісі Д.Байдушев, аудан прокурорының көмекшісі, аудандық МКҚБ-ның полиция қызметкері және сот қызметкерлері қатысты.

Сот пиротехникалық құрылғыны (салют) жарғаны үшін айыппұл тағайындалды

25/07/2016

Қазалы аудандық сотында азамат Д-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта, азамат А. мейрамхана алдында көше бетінде жеке тұлғалардың тыныштығын бұзып, бұл үшін бөлінбеген орындарда арнайы пиротехникалық құрылғысын (салют) жарғаны анықталды.

Сот қаулысымен азамат Д., ҚР ӘҚБтК-нің 436-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, пиротехникалық құралдарымен мен құрылғылар тәркілене отырып, оған 21 210 теңге айыппұл салу жазасы тағайындалды.

Қаулы заңды күшіне енбеген.