Кәмелетке толмаған баласының түнгі уақытта заңды өкілінсіз тұрғын үй-жайдан тыс жүруіне жол берген анасына айыппұл салынды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты құқық бұзушы Г-ға қатысты әкімшілік іс қарады.

Сотта, құқық бұзушы Г. кәмелетке толмаған ұлы заңды өкілінсіз тұрғын үй жайдан тыс жерде жүруіне жол берген үшін әкімшілік жазаға тартылған адам бола тұра, бір жыл мерзімде қайталап түнгі сағат 23:11 шамасында Қызылорда қаласы, Тасбөгет кенті, орталық саябақта заңды өкілінің еріп жүруінсіз тұрғын үй-жайдан тыс жүруіне жол бергені анықталды.

Сот құқық бұзушы Г-ны ҚР ӘҚбтК-нің 442-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп тауып, 22 270 теңге көлемінде айыппұл салды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Соттың баспасөз қызметі