Архив событий

18/07/2016

Қалалық сотта семинар өтті

18/07/2016

Қызылорда қалалық сотында кеңсе қызметкерлері мен сот мәжілісі хатшыларының қатысуымен сот отырысы барысын тіркеп жазуды қамтамасыз ететін аудио немесе бейне жазу құралдарын техникалық қолдану қағидасын оқып үйрену сабағы  өтті.

Қызылорда облыстық соты судьясының қатысуымен ҚР Жоғарғы Сотының «Соттардың Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексін қолдануының кейбір мәселелері туралы» нормативтік қаулысының жобасы талқыланды

18/07/2016

Қызылорда  облыстық  сотының  судьясы  Ш.Маликованың  қатысуымен Қызылорда  қалалық  мамандандырылған  әкімшілік  сот  судьяларының  арасында  Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының «Соттардың Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексін қолдануының кейбір мәселелері туралы» нормативтік қаулысының  жобасы  талқыланды.

Қызылорда қалалық сотында «Нотариустардың медиаторлық қызметі» тақырыбында семинар өтті

18/07/2016

Қызылорда қалалық сотында БАҚ өкілдері мен нотариустардың қатысуымен семинар өтті.

«Нотариустардың медиаторлық қызметі» тақырыбында Қызылорда қалалық сотының судьясы К.Садуақасова баяндап, «Медиация туралы» Заңының негізгі баптарына түсіндірмелер жасады.

Аймақтық нотариалдық палатаның нотариусы А.Өтеміс өз тәжірибесінде кездескен, медиация рәсімінің қолданылуы орынды болатын жағдайлар туралы айтып берді.

Сот жүргізушіге 50 АЕК мөлшерінде айыппұл салу және 3 жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айыру жазасын тағайындады

18/07/2016

Қызылорда қалалық №2 соты азамат Б-ға қатысты қылмыстық  іс карады.

Сотта азамат Б. автокөлік құралын басқару құқығынан айырылған тұлға бола тұра, алкогольдік масаң күйде автокөлік құралын басқарғаны анықталды. Медициналық куәландыру қорытындысымен оның алкольдік орташа масаң күйінде болғаны бекітілген.                 

Медиаторлардың қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді

18/07/2016

Қызылорда  қалалық мамандандырыған  әкімшілік  соты  судьялары мен сот қызметкерлерінің  және  медиаторлардың  қатысуымен  ҚР  ӘҚБтК-нің  73-бабы  отбасы –тұрмыстық   қатынастар аясындағы  құқыққа қарсы  әрекеттер санатындағы  әкімшілік  істерді  «Медиация  туралы» Қазақстан Республикасының Заңының  талабына  сәйкес  қолдану  мәселесі талқыланды.

Сот ер азаматты ұрлық жасағаны үшін кінәлі деп таныды

18/07/2016
Қызылорда қалалық №2 сотында азамат Р-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сот анықтағандай, азамат Р. қоршау ішінен су айдайтын насостың радиаторын ұрлап, жәбірленуші В-ға 50 000 теңге шығын келтірген. Осыдан кейін, қылмыстық әрекетін одан әрі жалғастырып, су айдайтын насос қоймасының есігін бұзып, ішінен матор радиаторын жасырын ұрлап, жәбірленуші А-ға 100 000 теңге шығын келтірген.

Жол-патрульдік полициясының автокөлікті тоқтату туралы заңды талабын орындамаған

18/07/2016

Қызылорда  қалалық  мамандандырылған әкімшілік соты полиция қызметкерінің талаптарын орындамаған азамат Ш-ға қатысты әкімшілік іс қарады.

Сот анықтағандай, азамат Ш. автокөлігін басқару барысында жол-патрульдік полициясының автокөлікті тоқтату туралы заңды талабын орындамағаны үшін әкімшілік полиция қызметкерлерімен оған қатысты әкімшілік құқық бұзу туралы хаттама толтырылған.