Архив событий

27/07/2016

Жаңақорған аудандық сотында қылмыстық іс бойынша брифинг өткізілді

27/07/2016

Жаңақорған аудандық сотының судьясы Н.Қосанов, «Жаңақорған тынысы» газетінің тілшісі А.Жарыкбаевтың қатысуымен брифинг өткізді.

Брифинг барысында Жаңақорған аудандық сотының судьясы Н.Қосанов Қазақстан Республикасы ҚК-нің 189-бабының 3-бөлігінің 2 тармағымен айыпталған сотталушы Ж-ның қылмыстық ісі бойынша түсіндірме беріп өтті.

«Оңалту және банкроттық заңының қолданылуы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

27/07/2016

Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Оңалту және банкроттық заңының қолданылуы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелге сот төрағасы мен осы соттың судьялары, Қызылорда облысы бойынша кірістер департаментінің өкілі мен банкроттық басқарушылар қатысты.

Іс шараны сот төрағасы ашып, оңалту және банкроттық заңнаманы қолданудың сот тәжірибесіндегі өзекті мәселелеріне тоқталды.

Азаматтық іс медиация тәртібімен қысқартылды

27/07/2016

Талапкер «Н» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жауапкер «А» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен 9 000 000 теңге және 270 000 теңге мемлекеттік баж өндіру туралы талап арызбен сотқа жүгінген.

Сот отырысында тараптар талап арызды медиация тәртібімен қысқарту жайлы істі қарап жатқан судьяға өтінішхатпен жүгінген.

Сотта тараптар дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімге келген.

Брифинг өткізілді

27/07/2016

Арал аудандық сотында 26 шілде 2016 жылы жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен «Есірткі заттарының заңсыз айналымына қатысты қылмыстық істер» тақырыбында брифинг өтті.

Сот 3 тәулік мерзімге қамаққа алу түріндегі әкімшілік жаза тағайындады

27/07/2016

Қызылорда  қалалық  мамандандырылған  әкімшілік соты азамат Г-ға қатысты әкімшілік іс қарады.

Сотта, азамат Г-нің өз үйінде анасына балағат сөздер айтқаны анықталды. Осы әрекетімен азамат Г. отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастағы азаматтарға сыйламаушылық білдіретін әрекеттер жасаған.