«Оңалту және банкроттық заңының қолданылуы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Оңалту және банкроттық заңының қолданылуы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелге сот төрағасы мен осы соттың судьялары, Қызылорда облысы бойынша кірістер департаментінің өкілі мен банкроттық басқарушылар қатысты.

Іс шараны сот төрағасы ашып, оңалту және банкроттық заңнаманы қолданудың сот тәжірибесіндегі өзекті мәселелеріне тоқталды.

Дөңгелек үстел барысында банкрот деп тану мен оңалту туралы, оның ішінде уақытша басқарушыны тағайындау және олардың шығындарын өтеу мәселесі, банкроттық және оңалту туралы істерді қарау, банкроттық басқарушының қорытынды есебін бекітуде пайда болған өзекті мәселелер талқыланды.

Іс шара соңында қатысушылар қордаланған мәселелерді қорытындылап, басқа да сұрақтар қойылды.         

Қайнар: 
Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының баспасөз қызметі