Маскүнемдіктен мәжбүрлеп емдеуге жіберілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

 Арал аудандық орталық ауруханасы азамат А-ны алкоголизмнен мәжбүрлеп емдеуге жіберу туралы арызбен сотқа жүгінген.

Іс құжаттарына сәйкес, азамат А. спирттік ішімдіктерін ұдайы пайдалануы себепті, тұрғылықты жерінен теріс мінезделеді, жүргізілген алдын-алу жұмыстарынан ешқандай оң қорытынды шығармай отыр, еш жерде жұмыс жасамайды, бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылған, қоғам қағидаларына қайшы өмір сүреді. Медициналық сараптама қорытындысына сәйкес, азамат А. алкоголизм дертімен тұрақты түрде ауырады және еріксіз емдеуді қажет етеді.

Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 130 бабының 2 бөлігіне сәйкес, медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары алкоголизмнен емделуге мұқтаж деп танылған адамдарға қатысты сот шешімі бойынша қолданылады.   

Сот шешімімен Арал аудандық орталық ауруханасының алкоголизмнен мәжбүрлеп емдеуге жіберу туралы арызы қанағаттандырылып, азамат А. алкоголизмнен мәжбүрлеп емдеу үшін наркологиялық орталығына 6 айға еріксіз емдеуге жіберілді.

Сот шешімі заңды күшіне енбеген.

Қайнар: 
Арал аудандық сотының баспасөз қызметі