Жаңақорған аудандық сотында қылмыстық іс бойынша брифинг өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жаңақорған аудандық сотының судьясы Н.Қосанов, «Жаңақорған тынысы» газетінің тілшісі А.Жарыкбаевтың қатысуымен брифинг өткізді.

Брифинг барысында Жаңақорған аудандық сотының судьясы Н.Қосанов Қазақстан Республикасы ҚК-нің 189-бабының 3-бөлігінің 2 тармағымен айыпталған сотталушы Ж-ның қылмыстық ісі бойынша түсіндірме беріп өтті.

Іс материалдарына сәйкес сотталушы Ж. мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорының меңгерушісі лауазымын атқарып жүріп, яғни мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген теңестірілген адам бола тұра өзінің қызмет бабын пайдаланып, сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу мақсатында 2015-2016 жылдары барлығы 541 085 теңге мемлекет қаржысын заңсыз артық аударып бас пайдасына жұмсаған.

Сотталушы Ж. Қазақстан Республикасы ҚК-нің 189 бабының 3 бөлігінің 2 тармағы мен кінәлі деп танылып, ол мемлекеттік қызметпен айналысу құқығынан өмір бойы айырыла отырып мүлкі тәркіленіп 5 жылға бас бостығынан айырылды.

Қайнар: 
Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі