Архив событий

22/07/2016

Героин сатқан үш әйел сотталды

22/07/2016

Есірткіге тәуелді, нашақорлықпен ауыратын үш соталушы жас әйел - Есетова Гульмира, Токмурзаева Жанар  және Айдарова Гульвира, Қазақстан Республикасы Конституциясының және Заңдарының талаптарын өрескел бұза отырып, адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен, аса ірі мөлшердегі есірткіні өткізу мақсатында заңсыз иемденіп, сақтап, тасымалдап, өткізіп, аса ауыр санаттағы қылмысты жасаған.

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты талапкердің талап арызын қанағаттандырусыз қалдырды

22/07/2016

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты талапкердің  кәмелетке толмаған қызының тұрғылықты мекен-жайын анықтау туралы арызын қарады

«Әйелдерге қатысты кемсітушілікке қарсы тұру, гендерлік саясатты дамыту» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

22/07/2016

Жалағаш аудандық сотында аудандық сот қызметкерлерінің, прокуратура, ішкі істер бөлімінің, қылмыстық атқару-инспекциясының өкілдерінің қатысуымен  дөңгелек үстел өткізілді.

Аудандық соттың төрағасы А.Мизанбаев, өз сөзінде, біздің елде демократиялық процесстің негізі-ол ұлттық гендерлік саясат болып табылады деді.

Аудандық және оған теңестірілген соттарда іс қағаздарын жүргізу тәртібі

22/07/2016

Сырдария аудандық сотында сот мамандары арасында «Аудандық және оған теңестірілген соттарда іс қағаздарын жүргізу ережесі» тақырыбында семинар сабағы өтті.

Семинар сабағын кеңсе меңгеруші Д.Байдушев ашып, сөз кезегін бас маман Б.Бисенбайға ұсынды.

Баяндамашы кіріс және шығыс хат-хабарларды тіркеу және сот істері мен материалдарын тіркеу ережелеріне тоқталып өтті.

Көлік құралдарын басқару құқынан айырылды

22/07/2016

Арал аудандық сотында азамат К-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, азамат К. өз басқаруындағы көлік құралын алкогольді масаң күйінде басқарып келе жатырып, көліктің басқару жүйесіне ие бола алмай «Ваз» маркалы көлік құралына соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан «Ваз» маркалы көлік құралына механикалық зақым келіп, көлік иесіне мүліктік залал келтірілген.

Қызылорда қалалық сотында талқылау өтті

22/07/2016

Қызылорда қалалық сотында сот төрағасының міндетін атқарушы А.Ж.Молдабекованың, судьялардың қатысуымен  «Банктік несие шарттары негізінде қарыз сомаларын өндіру туралы істердің қаралуы барысында туындаған мәселелер» тақырыбында  семинар сабағы өтті.

Сот төрағасының міндетін атқарушы А.Ж.Молдабекова сот өндірісіндегі банктік несие беру шарттарының орындалмауы негізінде азаматтардан қарыз сомаларын өндіру туралы азаматтық істердің қаралу барысына  тоқталды.

Сот 5 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру түріндегі әкімшілік жаза тағайындады

22/07/2016

Қазалы аудандық сотында азамат Қ-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта, азамат Қ. Қазалы ауданы, Мұратбаев ауылы, Ақтан батыр көшесінде, алкогольді масаң күйінде өз басқаруындағы «ВАЗ-2106» маркалы автокөлігімен жол жиегінде тұрған азамат Ғ-ның автокөлігіне соғып, материалдық шығын келтіргені анықталды.

Сот қаулысымен азамат Қ. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы ҚР кодексінің 608-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 5 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды.

Қызылорда қалалық сотында іс партисипативтік медиацияны қолданып аяқталды

22/07/2016

Азаматша Н. сотқа  жауапкер А-ға қатысты қарыз сомасын өндіру туралы талап қою арызын келтірді.

Сот отырысында тараптар өкілдіктері сотпен тексерілген заңды өкілдерінің қатысуымен өзара келісімге келіп, табысуларына байланысты талапкер өз талабынан бас тартты.

Тараптар соттан партисипативтік медиация тәртібімен жасалған бітімгершілік келісімді бекітуді сұраған.

Қармақшы аудандық сотында БАҚ өкілдерінің қатысуымен 2016 жылдың 1 жартыжылдығындағы жұмыс қорытындысы бойынша баспасөз конференциясы өтті

22/07/2016

Қармақшы аудандық сотында бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен баспасөз конференциясы өтті.

Онда аудандық соттың 2016 жылдың І-жартыжылдығында сот төрелігін атқару қорытындысы сөз етілді.

Баспасөз конференциясына аудандық сот төрағасы Қ.Абдуллаев аудандық сот судьясы Л.Алибекова, кеңсе мамандары және «Қармақшы таңы» газет редакциясының өкілдері қатысты.