Көлік құралдарын басқару құқынан айырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Арал аудандық сотында азамат К-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, азамат К. өз басқаруындағы көлік құралын алкогольді масаң күйінде басқарып келе жатырып, көліктің басқару жүйесіне ие бола алмай «Ваз» маркалы көлік құралына соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан «Ваз» маркалы көлік құралына механикалық зақым келіп, көлік иесіне мүліктік залал келтірілген.

Сот қаулысымен азамат К. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 608-бабының 3-бөлігінде көрсетілген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, бес жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сот қаулысы заңды күшіне енбеген.

Қайнар: 
Арал аудандық сотының баспасөз қызметі