Архив событий

12/07/2016

Қызылорда қалалық сотында 2016 жылдың бірінші жартыжылдығында сот әділдігін жүзеге асыру барысында атқарылған жұмыстар қорытындыланды

12/07/2016

Қызылорда қалалық сотында 2016 жылдың 1 жартыжылдығы  қорытындысы бойынша БАҚ өкілдерінің  қатысуымен баспасөз конференциясы өтті.

Баспасөз конференциясын Қызылорда қалалық сотының  судьясы К.Садуақасова жүргізді.

Қызылорда қалалық сотына 2016 жылдың 6 айында 5877 азаматтық іс пен талап арыз түскен. Аяқталған азаматтық істердің саны 5408 істі құрады.

Азаматтық істердің басым көпшілігін талап қою бойынша қаралаған істер құрады 3292 іс, яғни барлық қаралған істердің 60,8 пайызы.

Қылмыстық сот 2016 жылдың 1-ші жартыжылдығын қорытындылады

12/07/2016

Ағымдағы жылдың 8 шілде күні Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 2016 жылдың 1-ші жартыжылдығының қорытындысы бойынша БАҚ өкілдеріне баспасөз конференциясын өткізді.  

2016 жылдың 6 айында 15 қылмыстық іс 29 адамға түсіп, 2 қылмыстық іс 10 адамға өткен есептік мерзімнен қалдықта болған (2015 жылдың 6 айында – 8 қылмыстық іс түсіп, 5 қылмыстық іс өткен есептік мерзімнен қалдықта болған). Яғни, өткен жылмен салыстырғанда ағымдағы жылы сотқа түскен істердің саны 7 іске көбейгені байқалады.

Қызылорда қалалық сотында «Ашық есік күні» өтті

12/07/2016

Қызылорда облыстық соты төрағасымен бекітілген кестеге сәйкес, Қызылорда қалалық сотында «Ашық есік күні» өтті. Шараға келген азаматтарды Қызылорда облыстық сотының азаматтық істер бойынша алқа төрағасы Қ.Т.Адранов пен Қызылорда қалалық сотының төрағасы А.М.Бабатов қабылдады.

Аталған іс-шараның міндеті сот билігінің беделін, ашықтығы мен жариялығын арттыру, БАҚ өкілдері мен азаматтардың сауалдарына жауап беру болып табылады.

Қазалы аудандық сотында БАҚ өкілдерінің қатысуымен 2016 жылдың 6 айының жұмыс қорытындысы бойынша баспасөз конференциясы өтті

12/07/2016

Қазалы аудандық сотында жергілікіт бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуларымен баспасөз конференциясы өткізілді.

Шарада аудандық сот төрағасының міндетін атқарушы  Д.Абдыкалыков қатысушыларға 2016 жылдың 6 айында сот әділдігін жүзеге асыру барысында  116 қылмыстық, 753 азаматтық, 695 әкімшілік істердің қаралып, аяқталғанын атап өтті.

Қармақшы аудандық сотында брифинг өтті

12/07/2016

Қармақшы аудандық сотында қылмыстық іс бойынша брифинг өтті. 

Брифингті Қармақшы аудандық сотының төрғасы Қ.Абдуллаев жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен жүргізді.

Шара барысында аудандық сот төрағасы көлік құралын басқару құқығынан айырылғанына қарамастан, автокөлікті алкогольдік масаң күйде басқарып жүрген кезде полиция қызметкерлерімен ұсталған азамат Т-ға қатысты қылмыстық ісі бойынша мәлімет берді.

Ішкі конкурс бойынша әңгімелесуге жіберілген үміткерлер тізімі

12/07/2016

2016 жылдың 12  шілдесінде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы соттардың қызметін қамтамасыз ету Департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) Қызылорда облысы бойынша соттар әкімшісінің Конкурстық комиссиясының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға үміткерлерді іріктеу және әңгімелесуге жіберу жөніндегі отырысы өтті.

 

Конкурстық комиссияның шешімі бойынша әңгімелесуге жіберілген азаматтар тізімі:

Сот айналасындағыларға сыйламаушылық білдіргені үшін айыппұл тағайындады

12/07/2016

Сырдария аудандық соты азамат Б-ға қатысты әкімшілік іс қарады. Сотта, азамат Б. қоғамдық орында, айналасындағыларға сыйламаушылық білдіріп, қоғамдық тәртіпті және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзғаны анықталды.

Сот қаулысымен азамат Б. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 434-бабының 1-бөлігімен («Ұсақ бұзақылық») көрсетілген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 10 АЕК көлемінде әкімшілік айыппұл салу жазасы тағайындалды. 

Сот алкогольдік масаң күйде көлік басқарғаны үшін әкімшілік айыппұл тағайындады

12/07/2016

Қазалы аудандық сотында азамат А-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот, азамат А-ның жүргізушінің көлік құралын басқару құқығы жоқ бола тұра, өзінің басқаруындағы көлігін алкогольдік масаң күйде басқарып, ҚР Жол жүрісі Қағидаларының 2-бөлім 4-тармағының 2-тармақшасының талабын бұзғандығын анықтады.

Сот қаулысымен азамат А. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 608-бабының 8-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 296 940 теңге әкімшілік айыппұл салу жазасы тағайындалды.

Анасына сыйламаушылық көрсеткені үшін әкімшілік қамаққа алынды

12/07/2016

Арал аудандық сотында азамат Н-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, азамат Н. алкогольдік масаң күйде, өз үйінде, анасына балағат сөздер айтып, сыйламаушылық көрсеткен, сөйтіп, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жылдың iшiнде, қайтадан отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қарсы іс-әрекет сипатындағы құқық бұзушылықты жасаған.

Балық аулау қағидасын бұзған

12/07/2016

Арал аудандық сотында азамат Т-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Сотта, азамат Т. балық аулауға тыйым салынғн аймақта, 27.02.2015ж. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігінің бұйрығымен бекітілген балық аулау ережесін бұзып, полиомидтік моно талшықтан жасалған қытай ауларымен 5 кг торта, 7 кг көксерке балықтарын аулағаны анықталды.