Архив событий

11/07/2016

Жаңақорған аудандық сотымен 2016 жылдың І жартыжылдық қорытындысымен брифинг өткізілді

11/07/2016

Жаңақорған аудандық сотының төрағасы Н.Қосанов «Жаңақорған тынысы» газетінің тілшісі А.Жарыкбаевтың қатысуымен ағымдағы жылдың І жартыжылдық қорытындысы бойынша қаралған істер мен атқарылған шаралар жайлы брифинг өткізді.

Брифинг барысында сотпен сот төрелігін жүзеге асыру сапасын көтеру мен сот ісін уақытылы бастап, қысқа мерзімдерде қарау қатаң жолға қойылғаны және мемлекеттік статистикалық есептер айтылды.

Қазалы аудандық сотында қылмыстық іс бойынша брифинг өткізілді

11/07/2016

Қазалы аудандық  сотында жергілікті «Тәуекел туы» газетінің редакторы М.Коптілеуовтың қатысуымен брифинг өтті.

Брифингте судья Д.Н.Абдыкалыков  Қазақстан Республикасы  ҚК-нің

300-бабының 1-бөлігімен айыпталған К-ның қылмыстық ісі бойынша ақпарат берді.

Сотталушы К., құрамында есірткі заттары бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз егіп өсіріп, бақшалық жерге 2 түп құрамында есірткі заттары бар өсімдіктер егіп-өсіргендігі анықталған.

Қармақшы аудандық соты брифинг өткізді

11/07/2016

Қармақшы аудандық сотында әкімшілік іс бойынша брифинг өтті. 

Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен өткен брифингті, Қармақшы аудандық сотының судьясы Л.Алибекова жүргізді.

Қарыз өндіру туралы талап арыз қанағаттандырылды

11/07/2016

Қазалы аудандық сотында талапкер «М.Тынышпаев атындағы қазақ көлік және коммуникация академиясы» АҚ-ның жауапкер Т-дан берешек қарызын өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.

Талап қоюшы  жауапкер Т-дан берешек қарызын және мемлекеттік баж алымын өндіру туралы талап арызбен сотқа жүгінген.

Сот шешімімен талап арыз қанағаттандырылып, жауапкер Т-дан «М.Тынышпаев атындағы қазақ көлік және коммуникация академиясы» АҚ-на 200 000 теңге және 6000 теңге мемлекеттік баж алымы өндірілді.

Сот мәжбүрлеп емдеуге жіберу туралы талап арызды қанағаттандырды

11/07/2016

Сырдария аудандық сотында азамат Б-ны маскүнемдіктен мәжбүрлеп емдеуге жіберу туралы аудандық орталық аурухананың арызы қаралды.

Сот отырысында, арызданушы өкілі талап арызында алкоголизм дертіне шалдыққан Б-ның сот медициналық қорытындысына сәйкес, маскүнем екендігін және оның маскунемдіктен еріксіз емдеуді қажеттілігін, әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын,  өз еркімен емделуден бас тартатынын көрсеткен.

Сот ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік айыппұл тағайындады

11/07/2016

Қазалы аудандық соты азамат Ж-ға қатысты әкімшілік іс қарады.

Сот анықтағандай, азамат Ж. қоғамдық орында болып, коммуналдық қалдықтарды тастаған. Осы әрекетімен, ол ортақ пайдалану орнын ластап, айналасындағыларға сыйламаушылық білдірген және қоғамдық тәртіпті бұзған.   

Заңсыз құрылыс жүргізгені үшін әкімшілік айыппұл тағайындалды

11/07/2016

Сырдария аудандық соты азамат М-ға қатысты әкімшілік  іс қарады.       

Сотта, азамат М. Тереңөзек кентінде дүкен құрылысы объектісінің құрылыс-монтаждау жұмыстарын Қызылорда облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауды жүзеге асыратын органға хабарламай бастағаны анықталды.

Сот қаулысымен азамат М. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 463-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 25 АЕК көлеміндегі айыппұл сомасы 30 пайызға  қысқартылып, 37 118 теңге көлемінде  айыппұл  салу жазасы тағайындалды.

Арал аудандық сотында брифинг өтті

11/07/2016

Арал аудандық сотында жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен «Жұмысқа қайта орналастыру санатында қаралған азаматтық істер» бойынша брифинг өтті.

Брифинг барысында аудандық соттың судьясы Н.Бекетаев жұмысқа қайта орналастыру санатында қаралған істерге тоқталып, 2016 жылдың 1 жартыжылдығында аудандық сотта аталған санатта 4 талап арыз түсіп, 1 іс қараусыз, 1 іс қалдық қалғанын және 2 азаматтық іс бойынша шешім қабылданғанын айтып өтті. Сондай-ақ, журналистердің қойған барлық сауалдарына толық жауап берілді.

«Ашық есік күні» өткізілді

11/07/2016

2016 жылдың 7 шілде күні бекітілген кестеге сәйкес, Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Ашық есік күні» өткізілді.

Сотқа қала тұрғыны келіп, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында көрсетілген сот жүйесіндегі жаңа реформалар туралы сұрады.

Сот бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік айыппұл тағайындады

11/07/2016

Жалағаш аудандық соты азаматша Ж-ға қатысты әкімшілік іс қарады.

Сот анықтағандай, азаматша Ж-ның кәмелетке толмаған қызы сағат 22.00-де көшеде болып, шемішке шағып, шемішке қалдығын жерге тастаған, осылайша кәмелетке толмаған қыз ұсақ бұзақылық жасап, қоғамдық тәртіп пен азаматтардың тыныштығын бұзған.