Сот ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік айыппұл тағайындады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қазалы аудандық соты азамат Ж-ға қатысты әкімшілік іс қарады.

Сот анықтағандай, азамат Ж. қоғамдық орында болып, коммуналдық қалдықтарды тастаған. Осы әрекетімен, ол ортақ пайдалану орнын ластап, айналасындағыларға сыйламаушылық білдірген және қоғамдық тәртіпті бұзған.   

Сот қаулысымен азамат Ж. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 434-бабының 1-бөлігімен («Ұсақ бұзақылық») кінәлі деп танылып, оған 14 847 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл тағайындалды.

Источник: 
Қазалы аудандық сотының баспасөз қызметі