Архив событий

20/07/2016

Қызылорда облыстық сотында Руслан Кулекбаевқа қатысты брифинг өтті

20/07/2016

Қызылорда облыстық сотының судьясы, баспасөз қызметін үйлестіруші Артур Наримов Алматыда полиция қызметкерлеріне қарсы шабуыл жасаған күдікті, 2012 жылдың 8 мамырында Қызылорда қалалық сотымен ҚР қылмыстық кодексінің 251-бабы «заңсыз қару сатып алу және оны сақтау» (ескі редакция) бойынша сотталған Руслан Кулекбаевқа қатысты брифинг өткізді.

Арал аудандық сотында семинар сабағы өтті

20/07/2016

Арал аудандық сотында сот қызметкерлерінің қатысуымен «Сот отырысының барысын түсіріп алуды қамтамасыз ететін аудио-бейнежазба құралдарын техникалық қолдану, аудио-бейнежазбаны сақтау және жою, аудио-бейнежазбаға қол жеткізу қағидалары» тақырыбында семинар сабағы өткізілді.

        Шараның мақсаты – аудио-бейнежазба құралдарын техникалық қолдану тәртібін және сот ісін жүргізудегі оның сот талқылаулары барысын  дәл тіркеу маңыздылығын талқылау болып табылады. 

Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының судьялары арасында семинар өткізілді

20/07/2016

Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының судьяларының қатысуымен Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2003 жылғы 11 шілдедегі «Сот шешімі туралы» № 5 нормативтік қаулысы тақырыбында семинар өткізілді.

Шиелі аудандық соты «Ашық есік күнін» өткізеді

20/07/2016

2016 жылдың 28 шілде  сағат 10:00 -12:00 аралығында Шиелі аудандық сотында   сот  төрағасы  мен  судьяларының  қатысуымен  кезекті «Ашық  есік күні»  іс-шарасы  өткізілетінін  хабарлаймыз.

«Ашық есік күні» іс-шарасына кез-келген тілек білдіруші азаматтар қатысып өзінің сұрақтарын қоюға мүмкіндіктері бар.

Іс-шараның  өткізілу  мақсаты азаматтардың құқықтық мәдениетін және сот  төрелігінің  деңгейін  арттыру  болып  табылады.

Бірнеше рет жасырын ұрлық жасаған

20/07/2016

Арал аудандық сотында Қазақстан Республикасы азамат Л-ға қатысты қылмыстық ісі қаралды.

Сотта, азамат Л. жәбірленуші А.-ның ноутбугін жасырын ұрлап кетіп, жәбірленушіге 100 000 теңге мүліктік залал келтірген. Бұдан кейін, ол қылмыстық әрекетін әрі қарай жалғастырып, жәбірленуші Ф.-ның «Нокия» маркалы ұялы телефонын, ақшаларын және сөмкесін жасырын ұрлап кетіп, жәбірленушіге жалпы сомасы 78 970 теңге мүліктік залал келтірген.

Қызылорда қалалық сотында жұмыс көрсеткіштерін жақсарту мақсатында атқарылатын іс-шаралар талқыланды

20/07/2016

Қызылорда қалалық соты төрағасының міндетін атқарушы А.Ж.Молдабекова судьялардың қатысуымен жедел кеңес өткізді, жедел кеңесте 2016 жылдың 1 жартыжылдығында судьялармен сот әділдігін жүзеге асыру сапасы талқыланып, көрсеткіштерді жақсарту мақсатында атқарылатын іс-шаралар бекітілді.

Қармақшы аудандық соты «Заңсыз аң аулау» тақырыбында брифинг өткізді

20/07/2016

Қармақшы аудандық сотында қылмыстық іс бойынша брифинг өтті. 

Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен өткен брифингті  Қармақшы аудандық сотының төрғасы Қ.Абдуллаев жүргізді.

Шара барысында төраға Қ.Абдуллаев Қазақстан Республикасының ҚК-нің 337-бабының 1-бөлігімен қаралған Е-ның қылмыстық ісі бойынша мәлімет берді.

Гендерлік саясат тақырыбында дөңгелек үстел өтті

20/07/2016

Қармақшы аудандық сотының төрағасы  Қ.Абдуллаев  құқық  қорғау  органдарымен, жергілікті  уәкілетті  мекемелер мен квази-мемлекеттік  органдар, коммерциялық  ұйымдар  жеке  және  заңды  тұлғалар  арасында  «Гендерлік  саясаты»  тақырыбына  дөңгелек  үстел өткізді.

Төрағалық етуші Қ.Абдуллаев күн тәртібіндегі мәселемен  таныстырып, ол  бойынша  баяндама  жасау   үшін  судья Л.Алибековаға  сөз  берді.