Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының судьялары арасында семинар өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының судьяларының қатысуымен Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2003 жылғы 11 шілдедегі «Сот шешімі туралы» № 5 нормативтік қаулысы тақырыбында семинар өткізілді.

Семинарды аша отырып, сот төрағасы М.Ибрашев өзінің баяндамасында бірінші  сатыдағы  сот шешімді Қазақстан  Республикасының  атынан сот отырысында заңға және нақты дау бойынша сот анықтаған фактілерге қатаң сәйкестікте шығарады. Тараптардың, талапкердің не жауапкердің жағынан қатысатын үшінші тұлғалардың, іске қатысатын басқа да тұлғалардың түсініктемелері, куәлардың жауаптары, сарапшылардың, мамандардың  анықтамалары шешімде  үшінші  жақтан келтіріліп жазылады. Сот шешімінің мәтінінен ресми құжаттарда қолданылмайтын, қабылданбаған қысқартулар мен сөздерді қолдануға, сот түсініктеме бермеген түзетулерді  енгізуге болмайтындығын атап көрсетті.

Семинар жұмысын қорыта келе судьялар пікір алмасты және сот актілерін құрастыру сапасы бойынша тиісінше ұсыныстар қабылдады.  

Источник: 
Қызылорда қалалық мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметі