Архив событий

05/07/2016

Құрметті сайттың оқырмандары!

05/07/2016

Сіздерді шын жүректен Астана күнімен құттықтаймын. Астана - ең алдымен азаттығымыздың символы, Қазақстанның жаңа тарихының шынайы шежіресі, қарқынды дамуымыздың, қол жеткен табыстарымыздың, абырой-беделіміздің, береке-бірлігіміздің жарқын көрінісі.

Қызылорда облыстық сотында Астана күніне орай салтанатты жиын өтті

05/07/2016

Бүгін Қызылорда облыстық сотының мәжіліс залында Астана күнін мерекелеуге арналған салтанатты жиын өтті.

Мерекелік іс-шараға Қызылорда облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Қ.Т.Адранов, облыстық және оған теңестірілген соттардың судьялары, соттар әкімшісі басшысы, соттар әкімшісі басшысының орынбасары және облыстық соттың мамандары қатысты.

Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты «Ашық есік күнін» өткізеді

05/07/2016

\2016 жылдың шілде айының 7 жұлдызында сағат 10.00-ден 12.00-ге дейін Қызылорда қаласы, Әйтеке би көшесі, 29 мекен жайда орналасқан Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ғимаратында «Ашық есік күні» өткізілетіндігі хабарланады.

Қосымша мәліметтерді 55-97-68 телефоны және 724-2060@sud.kz  электрондық почта арқылы алуға болады.

Сотта 55-97-68 сенім телефоны жұмыс жасайды.

 

Ювеналды сотында мемлекеттік тілдің іс жүргізуде қолданылу мәселелері бойынша талқылау өтті

05/07/2016

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 2016 жылдың бірінші жартыжылдығында «Мемлекеттік тілдің іс жүргізуде қолданылу деңгейі мен мәселелері» бойынша талқылау өтті.

Шарада сот ісі мен іс қағаздары бойынша мемлекеттік тілдің қолданылу санының статистикалық есебі, сондай-ақ мемлекеттік тілді қолдану сапасы мен санын арттыру мәселелері, осыған бағытталған сұрақтар кеңінен талқыланды.

Қылмыстық іс бойынша брифинг өткізілді

05/07/2016

Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Сабыров Асхат Аббасұлы жұртшылық арасында қоғамдық пікір туғызған іс бойынша БАҚ өкілдеріне брифинг өткізді.

Сот Грузия Республикасының азаматына әкімшілік айыппұл тағайындады

05/07/2016

Байқоңыр қалалық соты азамат П-ға қатысты әкімшілік іс қарады.

Сотта,  құқық бұзушы П. Грузия азаматы бола тұра, Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұза отырып, тіркеу кезінде көші-қон карточкасында көрсетілген мерзім өткеннен кейін үш тәуліктен асатын кезең ішінде ҚР аумағынан кетуден жалтарғаны анықталды.

Сот отырысында, құқық бұзушы П. Астана қаласынан Байқоңыр қаласына Ресей Федерациясының заңы қолданылатындықтан шыққанын және кінәсін мойындап, өкінетінін айтты.

Қызылорда қалалық сотында кейбір азаматтық істерді қарау бойынша талқылау өтті

05/07/2016

Қызылорда қалалық сотында сот төрағасының, судьялардың қатысуымен заңсыз пайдаланылып жатырған жер телімдеріне меншік құқығын тану туралы азаматтық істердің қаралуы бойынша қала әкімінен келіп түскен хат талқыланды.

Сот шешімін орындамағаны үшін әкімшілік қамақ тағайындалды

05/07/2016

Жаңақорған аудандық сотында сот актісін орындамағаны үшін жауапқа тартылған азаматқа қатысты әкімшілік іс қаралды.        

Сотта, Жаңақорған аудандық сотымен құқық бұзушы Д-тан мемлекет пайдасына 31 152 теңге өңдіру туралы 2014 жылғы шешім қабылданып, атқарушылық іс жүргізу қозғалған. Алайда оған атқарушылық құжатты орындау туралы хабарламалар берілгенімен Д. сот актісі және атқарушылық құжат осы күнге дейін орындалмаған.

Қармақшы аудандық сотында «Істердің, талап арыздардың мемлекеттік тілде рәсімделуі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

05/07/2016

Қармақшы аудандық сотында «Істердің, талап арыздардың мемлекеттік тілде рәсімделуі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шараға Қармақшы аудандық сотының төрағасы, судьялар, прокуратура, ішкі істер органдарынын өкілдері қатысты.

Он сегiз жасқа толмаған адамдарға темекi бұйымдарын сатқаны үшін әкімшілік жауаптылық

05/07/2016

Қазалы аудандық сотында азаматша Д-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.   

Сот анықтағандай, азаматша Д. дүкенде жұмыс істеп, 18 жасқа толмаған жас өспірімге темекі сатқан.

Сот қаулысымен азаматша Д. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 133-бабының 1-бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 29 694 теңге көлемінде айыпұл түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды.

Әкелік құқығынан айыру туралы талап қанағаттандырусыз қалдырылды

05/07/2016

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты талапкер азамат Л. жауапкер азаматша В-ға қатысты баламен кездесу уақытын белгілеу туралы және қарсы талап бойынша талапкер В. жауапкер Л-ға қатысты әкелік құқығынан айыру туралы азаматтық ісін қарады.

Ювеналды сотында азаматтық іс жүргізуде татуластыру рәсімдерін қолдану мәселелері талқыланды

05/07/2016

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында "Азаматтық іс жүргізуде татуластыру рәсімдерінің өзекті мәселелері» тақырыбына семинар-кеңесі өткізілді.

Семинарға төраға А.Әбу, судья Қ.Бержанов, кеңсе меңгерушісі М.Асанова және кеңсе мамандары қатысты.