Құрметті сайттың оқырмандары!

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Сіздерді шын жүректен Астана күнімен құттықтаймын. Астана - ең алдымен азаттығымыздың символы, Қазақстанның жаңа тарихының шынайы шежіресі, қарқынды дамуымыздың, қол жеткен табыстарымыздың, абырой-беделіміздің, береке-бірлігіміздің жарқын көрінісі.

Бүгінгі таңда елдің төрі - елордамыз барша ұлт пен ұлыстың басын қосқан бірлік мекеніне айналды. Астана - қарыштап дамыған мемлекеттің нышаны, әлеуметтік-экономикалық өсіп-өркендеудің айқын дәлелі. Сарыарқа төсінде қоныс тепкен алып шаһарда әлем елдерінің көшбасшылары бас қосып, пікір алмасады, тарихи маңызы зор шешімдерді қабылдайды. Астана бүгінгі таңда елдігіміз бен тәуелсіздігіміздің белгісін айшықтай отыра, әлемдік аренада өз орынын таба білді. Тәуелсіз жылдар ішінде Астана әлемге танылды және елімізді де әлемге танытты деп айта аламыз.

Сіздерге осынау тамаша мерекеде мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, бақыт-береке, жемісті еңбек, бірлік, Отанымызға гүлдену мен бейбітшілік тілеймін. 

Қайнар: 
Құрметпен, Қызылорда облыстық сотының төрағасы Н.Қайырбеков