Архив событий

21/07/2016

Жаңақорған аудандық сотының төрағасы азаматтарды қабылдады

21/07/2016

Аудандық соттың азаматтарды қабылдау кестесіне сәйкес, Жаңақорған аудандық сотының төрағасы Н.Қосанов 20 шілде 2016 жылы азаматтарды қабылдады.

Азаматтарды қабылдау барысында азаматша А. өзінің 1986 жылы Желтоқсан оқиғасына қатысқаны үшін Жаңақорған аудандық сотыны4 шешімімен Желтоқсан оқиғасынан зардап шегуші деп танылғанын, алайда, өзіне төленуге тиісті жәрдем ақыларды уәкілетті органдар тағайындамай отырғаны жайлы айтып, заң талаптарына түсіндірме сұрады.        

Қылмыстық сотта брифинг өткізілді

21/07/2016

Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралған аса ауыр санаттағы қылмыстық іс бойынша төраға С.Сүлеймен БАҚ өкілдеріне брифинг өткізді.

Есірткі зат - героинді заңсыз иемденген, тасымалдаған және өткізген үш сотталушы әйелдерге (Г.Есетова, Ж.Токмурзаева, Г.Айдарова) қатысты қылмыстық іс бойынша төрағалық етуші судья журналистердің сұрақтарына жауап берді.

Сот үкімімен сотталушылардың мүлкілері тәркіленіп, әр қайсысы 10 жылдан бас бостандығынан айырылды.

Қызылорда қалалық сотында азаматтық іс медиациялық келісімге келумен аяқталды

21/07/2016

 Азаматша Б. сотқа көршісі жауапкер С-ға қатысты заңсыз иеліктегі жер телімін қайтару туралы талап қою арызын келтірді.

Іс қарау барысында көршілер арасында жер теліміне қатысты келіспеушілік туындағаны анықталды.

Сот анықтағандай, істі карау барысында тараптар дауды сот медиациясы тәртібімен шешуге келісіп, татуласу рәсімдерін өту туралы сот медиациясын өткізу жөнінде өтінішпен жүгінген.

 ҚР АПК-нің 278-баптың талабына сәйкес сот істі қысқартудың тәртібі мен салдарын тараптарға түсіндірді.

Айналасындағыларға сыйламаушылық бiлдiргені үшін әкімшілік жауаптылық

21/07/2016

Жаңақорған аудандық соты азамат А-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қарады.

Сотта, азамат А. ауруханада жәбірленушіге былапыт сөйлеп, айналасындағыларға сыйламаушылық білдіріп, жеке тұлғаға қорлап тиісіп, ұсақ бұзақылық жасағаны анықталды.  

Сот актілері мен хаттамаларын уақытылы енгізу

21/07/2016

Сырдария аудандық сотында «Сот актілерін және хаттамаларын уақытылы енгізу» тақырыбында оқып үйрену сабағы өтті. 

Аудандық сот төрағасы А.Абдулла өз баяндамасында  судьялар мен сот қызметкерлеріне сот актілері мен хаттамаларды дер кезінде «Төрелік» ақпараттық жүйесіне енгізіп отыруды және сот актілерін іс бойынша тараптарға уақытылы беру қажеттігін атап өтті. 

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты азаматтық істі қарады

21/07/2016

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты талапкер М-ның жауапкер Ж.-ға қатысты  әкелікті анықтау және алимент өндіру туралы азаматтық ісін қарады.

Алимент өндіру жайлы сот бұйрығы шықты

21/07/2016

Қармақшы аудандық сотында борышкер О-ға қатысты сот бұйрығын шығару жайлы азаматтық іс қаралды.

Сотта, өндіріп алушы Ж., сотқа арыз беріп, онда өзінің 2007 жылы азамат О-мен заңды некеге тұрып отбасын құрғанын, осы некеден кәмелет жасқа толмаған 3 баласы бар екенін, ол балаларына өз еркімен материалдық көмек көрсетпейтінін, араларында алимент төлеу жөнінде келісім жоқ екенін, сондықтан борышкер О-дан балаларына алимент өндіру жайлы сот бұйрығын шығарып беруді сұрайтынын көрсеткен.

Сот алкогольдік өнім сату ережелерін бұзғаны үшін айыппұл салды

21/07/2016

Қазалы аудандық сотында азаматша А-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Сотта, азаматша А., дүкенде жұмыс істей отырып, жиырма бір жасқа толмаған тұлғаға алкогольдік өнім сатқаны анықталған.

Сот қаулысымен азаматша А. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы кодексінің 200-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, лицензияның қолданысын 1 (бір) ай мерзімге тоқтата тұрып, оған 59 388  теңге айыппұл салу жазасы тағайындалды.

Қызылорда облысы бойынша соттар әкімшісінің Конкурстық комиссиясының қорытынды отырысының хаттамасынан үзінді (21.07.2016 ж.)

21/07/2016

Тапсырылған құжаттардың және өткізілген әңгімелесу нәтижесінің негізінде Конкурстық комиссияның оң шешімін алған кандидаттар тізімі:

 

1.Қызылорда  қалалық   соты   кеңсесінің   жетекші  маманы (2 бірлік, санаты С-R-5)  лауазымына :

Қуатбай  Айман  Қайратқызы,

Сәбитова  Гүлжан  Талғатқызы. 

2.Қызылорда  қалалық   соты   кеңсесінің   жетекші  маманы (уақытша  бос, санаты С-R-5)  лауазымына :