Архив событий

08/07/2016

«Электрондық сот отырысы хаттамасының ерекшеліктері» атты оқып-үйрену сабағы өтті

08/07/2016

Сырдария аудандық сотында сот мамандары арасында «Электрондық сот отырысы хаттамасының ерекшеліктері» атты тақырыбында оқып-үйрену сабағы өткізілді.

Оқып-үйрену сабағын кеңсе меңгерушісі Д.Байдушев ашып, сөз кезегін бас маман - сот отырысының хатшысы Г.Пірімбетке ұсынды. Баяндамашы сот отырысын жазу құралдарын қолдану тәртібі мен тәсілдеріне тоқталып өтті. 

Алкоголь өнімдерін заңсыз сақтап, сатқан

08/07/2016

Қызылорда қалалық мамандандырылған әкімшілік соты жеке кәсіпкерге  қатысты әкімшілік іс қарады.

Сотта, жеке кәсіпкер Т. Қызылорда қаласында орналасқан  сыраханасында рұқсатсыз жалпы сомасы 3000 теңге тұратын құйылмалы сыра алкоголь өнімдерін сақтап,  сатқаны анықталды.

Қызылорда қалалық және мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотымен дөңгелек үстел өткізілді

08/07/2016

Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты мен Қызылорда қалалық сот қызметкерлері біріге отырып ««Сот кабинеті» интернет жүйесі және электрондық хат алмасу тәртібі»  тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Іс шараға  үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты. 

Ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауаптылық

08/07/2016

Қазалы аудандық соты азамат М-ға қатысты әкімшілік іс қарады.

Сотта, азамат М. коммуналдық қалдықтарын белгіленбеген орындарға тастап, яғни қоғамдық ортақ пайдалану орнын ластап, айналасындағыларға сыйламаушылық білдіріп, ұсақ бұзақылық жасағаны анықталды.

Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында БАҚ өкілдерінің қатысуымен 2016 жылдың 6 айының жұмыс қорытындысы бойынша баспасөз конференциясы өтті

08/07/2016

Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында БАҚ өкілдерінің қатысуымен баспасөз конференциясы өткізілді.

Шарада БАҚ-пен өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестірушісі судья Н.Еламанов қатысушыларға 2016 жылдың 6 айында сот әділдігін жүзеге асыру барысында барлығы 1225 азаматтық істердің қаралғанын, оның ішінде 944 іс бойынша шешім шығарылғанын атап өтті.

Әкесін сыйламағаны үшін әкімшілік қамаққа алынды

08/07/2016

Қазалы аудандық сотында азамат Е-ге қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта, азамат Е. әкесіне қарсы былапыт сөздер айтып, мазасын алып, отбасы-тұрмыстық қатынастардағы адамдарға сыйламаушылық көрсетіп, тыныштығын бұзып, нақ осы құқық бұзушылық іс-әрекетін әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл көлемінде қайталап жасағаны анықталды.

Сот қаулысымен азамат Е. ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, ол 7 тәулік әкімшілік қамаққа алынды.

Қаулы заңды күшіне енбеген.

№ 2019 әскери бөлімінің әскери қызметшісі ішкі істер органдарында тіркелмеген аңшы мылтығын заңсыз иеленіп, тасымалдаған

08/07/2016

Қызылорда-Самара тас жолында №2019 әскери бөлімінің әскери қызметшісі прапорщик Ж-ның басқаруындағы бөлімнің  КАМАЗ-43114 маркалы  автокөлігін тексеру барысында ішкі істер органдарында тіркелмеген аңшы мылтығын заңсыз иеленіп, сақтап, тасымалдағаны үшін Қызылорда қалалық ішкі істер басқармасымен Ж-ға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 482-бабының 1-бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылған.

Тергеу қамауында жатқан адамға кездесуге келіп, жасырын телефон бермекші болған

08/07/2016

Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік соты азамат Б-ға қатысты әкімшілік іс қарады.

Сотпен, азамат Б. Қызылорда облысы бойынша департаментіне қарасты ЗК-169/5 мекемесінде тергеу қамауындағы Ж-мен заңды өкіл ретінде кездесуге келген кезінде ұялы телефонды жасырын бермекші болғаны анықталды.

«Мемлекеттік тіл - ел байлығы» тақырыбында баспасөз мәслихаты өтті

08/07/2016

Сырдария  аудандық сотында  «Мемлекеттік тіл - ел байлығы» тақырыбында баспасөз мәслихаты өткізілді.                                                               

Іс шараға кеңсе меңгеруші Д.Байдушев, кеңсе қызметкерлері және «Тіршілік тынысы» газетінің  өкілі Б.Жанәлі қатысты.                                     

Мемлекеттік тіл - мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу тілі болып табылады.