Аудандық және оған теңестірілген соттарда іс қағаздарын жүргізу тәртібі

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Сырдария аудандық сотында сот мамандары арасында «Аудандық және оған теңестірілген соттарда іс қағаздарын жүргізу ережесі» тақырыбында семинар сабағы өтті.

Семинар сабағын кеңсе меңгеруші Д.Байдушев ашып, сөз кезегін бас маман Б.Бисенбайға ұсынды.

Баяндамашы кіріс және шығыс хат-хабарларды тіркеу және сот істері мен материалдарын тіркеу ережелеріне тоқталып өтті.

Кеңсе меңгерушісі Д.Байдушев аталған мәселелерді қатаң сақтау қажет екендігін айтып, бұл ережелер әр сот маманының үстелдік кітабі болуы тиіс,- деп атап өтті

Семинар соңында мамандар осы тақырып бойынша пікір алмасып, бірқатар туындаған мәселелері мен  оларды шешу амалдарын талқылады.

    

Қайнар: 
Сырдария аудандық сотының баспасөз қызметі