Сот 5 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру түріндегі әкімшілік жаза тағайындады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қазалы аудандық сотында азамат Қ-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта, азамат Қ. Қазалы ауданы, Мұратбаев ауылы, Ақтан батыр көшесінде, алкогольді масаң күйінде өз басқаруындағы «ВАЗ-2106» маркалы автокөлігімен жол жиегінде тұрған азамат Ғ-ның автокөлігіне соғып, материалдық шығын келтіргені анықталды.

Сот қаулысымен азамат Қ. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы ҚР кодексінің 608-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 5 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды.

Қаулы заңды күшіне енбеген.

Қайнар: 
Қазалы аудандық сотының баспасөз қызмет