«Әйелдерге қатысты кемсітушілікке қарсы тұру, гендерлік саясатты дамыту» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жалағаш аудандық сотында аудандық сот қызметкерлерінің, прокуратура, ішкі істер бөлімінің, қылмыстық атқару-инспекциясының өкілдерінің қатысуымен  дөңгелек үстел өткізілді.

Аудандық соттың төрағасы А.Мизанбаев, өз сөзінде, біздің елде демократиялық процесстің негізі-ол ұлттық гендерлік саясат болып табылады деді.

Соңғы жылдары әлемде гендерлік саясаттың дамуында Қазақстан өз ұстанымын іске асырып жатқанын атап көрсетті. Ел басымен қылмыстық кодекстің, сонымен қатар «Тұрмыстық күш қолданудың алдын алу туралы» Заңына баптарына толықтырулармен өзгертулер енгізілді.

Елбасының Жарлығымен «Қазақстан Республикасында 2006-2016 жылдарға арналған Гендерлік теңдік Стратегиясы» бекітілді. Мемлекет басшысы бекіткен гендерлік теңдік стратегиясы негізінен ерлер мен әйелдердің теңдігіне қол жеткізу мақсатындағы билік пен қоғамның өзара тиімді әрекет етуіне бағытталған.

Тұрмыстық күш қолдану отбасында әлеуметтік жағдайы, жас ерекшеліктері бойынша орын алады. Отбасылық-тұрмыс аясындағы әкімшілік құқық бұзушылық істерін қарау тәжірбиесінде көбінде әйелдер мен балалар жәбірленеді.

Жалағаш ауданының сотына 2016 жылдың бүгінгі күніне дейін 24 неке бұзу туралы талап арыз түсіп, оның 16-ы қаралып аяқталды. Сонымен қатар, 2016 жылы тұрмыстық күш қолдануға байланысты 24 әкімшілік іс қаралды.                                  

Қайнар: 
Жалағаш аудандық сотының баспасөз қызметі