Қызылорда қалалық сотында іс партисипативтік медиацияны қолданып аяқталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Азаматша Н. сотқа  жауапкер А-ға қатысты қарыз сомасын өндіру туралы талап қою арызын келтірді.

Сот отырысында тараптар өкілдіктері сотпен тексерілген заңды өкілдерінің қатысуымен өзара келісімге келіп, табысуларына байланысты талапкер өз талабынан бас тартты.

Тараптар соттан партисипативтік медиация тәртібімен жасалған бітімгершілік келісімді бекітуді сұраған.

ҚР АПК-нің 181-бабының талабына сәйкес, дауды партисипативтік медиация тәртібімен шешудің тәртібі мен салдары тараптарға түсіндірілді.

Тараптар бітімгершілік келісімін жасасып және сот оны бекітуіне байланысты АПК-ның 277-бабының 6-бөлігіне сәйкес, сот іс бойынша іс жүргізуді тоқтатты.        

Ұйғарымда талап қоюшыға талаптану кезінде төленген баж салығының сомасы қайтарылатындығы көрсетілді.

Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Қызылорда қалалық сотының баспасөз қызметі