Брифинг өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Арал аудандық сотында 26 шілде 2016 жылы жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен «Есірткі заттарының заңсыз айналымына қатысты қылмыстық істер» тақырыбында брифинг өтті.

Брифинг барысында аудандық соттың судьясы Д.Мұратбекұлы есірткі заттарының заңсыз айналымына қатысты қаралған қылмыстық істерге тоқталып, 2016 жылдың бірінші жартыжылдығында аудандық сотта аталған санатта 11 адамға қатысты 11 қылмыстық іс қаралып, 4 адам бас бостандығынан айыру жазасына, 1 адам қоғамдық жұмысқа тарту жазасына сотталғанын, 6 адам қылмыстық теріс қылық әрекеттері үшін айыппұл салу жазасы тағайындалғанын айтып өтті.

Сондай-ақ,  ҚР ҚК-нің 296-бабының 4 бөлігімен кінәлі деп танылып, 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасына сотталған А-ның қылмыстық ісі бойынша ақпарат беріп, журналистердің  қойған сауалдарына жауап берді.

Қайнар: 
Арал аудандық сотының баспасөз қызметі