Сырдария аудандық сотында «Дыбыс-бейне жазу жүйесін сот отырыстарында қолдану» тақырыбында семинар сабағы өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Сырдария аудандық сот қызметкерлерінің арасында «Дыбыс-бейне жазу жүйесін сот отырыстарында қолдану» тақырыбында семинар сабағы өтті.

Семинар барысында бас маман-сот отырысының хатшысы Г.Пірімбет сот отырысының дыбыс-бейне жазбасын қолдану туралы, жұмыс үстеліндегі таңбашаның көмегі арқылы АВТ клиентін ашу және авторландыру,  «жаңа процесс қалыптастыру» түймесін басу, істердің тізімінен қажетті істің нөмірін таңдау немесе қолдан істің нөмірін жасау, сондай-ақ қажет болған жағдайда отырысқа қатысушыларды қосу, жазбаны бастау, камераларды қосу жөнінде түсіндіріп берді.

Сонымен қатар, сот отырысының барысында судьяның кеңесу бөлмесіне кетуі, судьяның кеңесу бөлмесінен келген кезінде «Сот отырысын жазуды жалғастыру» нүктесін басу, сот отырысының барысында істі басқа күнге ауыстырылатыны туралы хабарланса жазбаны тоқтату және компакт-дискіге жазу тәртібін түсіндірді.

Семинар соңында бас маман-сот отырысының хатшысы мамандардың  тақырып аясында қойған сұрақтарына жауап берді.

Қайнар: 
Сырдария аудандық сотының баспасөз қызметі