Тараптар жеке айыптау ісі бойынша татуласқан

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтың сипатына және ауырлығына қарай қылмыстық қудалау мен сотта айыптау жекеше, жекеше-жариялы және жариялы тәртіппен жүзеге асырылады.

Арал аудандық сотында жекеше айыптау тәртібімен қозғалған азаматша А.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды. Іс құжаттарына сәйкес, азаматша К., жеке айыптау тәртібімен азаматша А.-ны Қазақстан Республикасы ҚК-нің 131-бабының 1-бөлігінде көрсетілген қылмыстық әрекетті жасағаны, яғни ұялы телефонына абыройы мен қадір-қасиетін әдепсіз түрде кемсітетін СМС хабарламаларды үздіксіз жазып, жібергені үшін, оны қылмыстық жауапқа тарту туралы сотқа арыз берген.

Сот талқылауы барысында жеке айыптаушы К., жеке айыпталушы А.-ға кешірім беріп, оны қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы шағымынан бас тартатынын, сондықтан, қылмыстық істі қысқартуды сұрайтынын көрсетіп өтініш білдірді.

Осының негізінде сотталушы А.-ға қатысты жеке айыптау тәртібімен қозғалған қылмыстық іс, жеке айыптаушының айыптаудан бас тартуына байланысты өндірістен қысқартылды.

Сот қаулысы заңды күшіне енбеген.

Источник: 
Арал аудандық сотының баспасөз қызметі