Берешек қарызды өндіру ісі тараптардың татуласуымен тоқтатылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

     Қазалы аудандық сотында талап қоюшы Н-ның жауапкер М-дан берешек қарызды өндіруді сұраған азаматтық ісі қаралды .

     Талап қоюшы Н. жауапкер М-ның 220 000 теңге соммасындағы қарызды өндіруді сұрап сотқа жүгінген.

       Сотта тараптар арасындағы дау  медиация тәртібімен реттеліп, медиация шарты сотқа бекіту үшін ұсынылған.

Сот ұйғарымымен медиация тәртібіндегі келісім бекітіліп, азаматтық іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды.

Қайнар: 
Қазалы аудандық сотының баспасөз қызметі