Қызылорда облыстық соты облыс тұрғындарымен online режимінде интернет-конференция өткізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін Қызылорда облыстық сотының бастамасымен сот жүйесінің ашықтығын, жариялылығын және қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында облыс тұрғындары үшін online режимінде интернет-конференция өтті.

Қызылорда облыстық сотының интернет-ресурсындағы (http://kzl.sud.kz/) төраға блогының «Сұрақ-жауап» айдарына (http://kzl.sud.kz/kaz/node/add/question) түскен сауалдарға ақпараттар мен тиісті түсіндірулер берілді.

Қызылорда облыстық сотының төрағасы Н.Қайырбековпен online режимінде интернет-конференция өткізу ай сайын жоспарланған.

Алдағы уақытта төраға блогына (http://kzl.sud.kz/kaz/node/add/question) өз сауалдарыңызды жолдауға болады.

Қайнар: 
Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі