Алаяқтық бойынша қылмыстық іс медиация тәртібімен қысқартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қызылорда қаласының №2 сотында сотталушы Г-ге қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта,  сотталушы Г-ның  алдау не сенімді теріс пайдалану жолымен бөтеннің мүлкін иемдену арқылы  қылмыс  жасап жәбірленуші Ж-ға 120 000 теңге мүліктік шығын келтіріп,  алаяқтық жасағаны анықталған.

Сот отырысында сотталушы Г. өз кінәсін мойындап, қылмыстық жауапкершіліктен жәбірленушімен медиациялық тәртіппен келісімге келуіне байланысты істі қысқартуды сұрады.

Жәбірленуші Г. сотталушымен медиациялық тәртіппен келісімге келгенін және істі қысқартуды сұрап арыз берген.

Сот қаулысымен, ҚР ҚК-нің 190-бабының 1-бөлігімен айыпталған сотталушы Г-ны қылмыстық жауаптылықтан ҚР ҚК-нің 68-бабының 1-бөлігі негізінде босатылып, қылмыстық іс өндірістен қысқартылды.

Сот қаулысы заңды күшіне енбеген.

Қайнар: 
Қызылорда қалалық № 2 сотының баспасөз қызметі