Қармақшы аудандық сотында қарызды өндіру туралы іс қаралды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қармақшы аудандық сотында талап қоюшы "Еуразиялық банк" АҚ-ның жауапкер Д-дан банктік заем шарты бойынша қарызды өндіру туралы талап арызы қаралды.

Азаматтық істің құжаттарынан, банкпен жауапкердің арасында жасалған банктік заем шартына сәйкес, жауапкерге несие берілген. Жауапкер өзіне алған міндеттемелерін өз уақытында орындамағандықтан, банкке берешек болған.

Сот азаматтық істі қарап, талап қоюшы «Еуразиялық банк» АҚ-ның пайдасына, жауапкер Д-дан банктік заем шарты бойынша қарызды өндіру жайлы талап арызын қанағаттандырды.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Қармақшы аудандық сотының баспасөз қызметі