Медиация тәртібімен қысқартылған азаматтық істер бойынша брифинг өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында медиация тәртібімен келісімге келуге байланысты тоқтатылған азаматтық іс бойынша жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуларымен судья З.Жарылқасынова брифинг өткізді.

Судья З.Жарылқасынова талап қоюшы «Т» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жауапкер «Қ» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнынан тұрақсыздық айыппұлды өндіру туралы азаматтық іс бойынша дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімін бекітіп, төленген мемлекеттік баж сомасын талапкерге қайтарып, азаматтық іс жүргізуді өндірістен тоқтатылғанын айтып өтті.

 Сонымен қатар, судья З.Жарылқасынова қатысушыларға 2016 жылдың 6 айында 19 азаматтық іс бітімгершілік келісімімен және 14 азаматтық іс медиация тәртібімен тоқтатылғанын және осы азаматтық істер бойынша мемлекеттік баж сомалары мемлекеттік бюджеттен талапкерлерге қайтарылғанын айтты. 

                                               

Қайнар: 
Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының баспасөз қызметі