Қазалы аудандық сотында "Ашық есік күні" өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2016 жылдың 22 шілдесі күні Қызылорда облыстық сотында бекітілген кестеге сәйкес, Қазалы аудандық сотында «Ашық есік күні» өткізілді. Қабылдауға аудан тұрғыны азаматша С. келіп,  банктен несие алғандығын, алайда несиені уақытылы төлеп отырғанына қарамастан, банк тарапынан ағымдағы шотына шектеу қойылғандығына түсіндірме беруді  сұрады.

Сот төрағасының міндетін атқарушы Д.Абдыкалыков қойылған сұрақтарға заң талаптарына сәйкес жауап берді. 

«Ашық есік күні» - соттың халыққа деген ашықтығы мен жариялығының бірден-бір дәлелі болғандықтан, облыстық сотпен бекітілген кестеге сәйкес  іс-шара айына бір рет өткізіліп отырады. Кез келген азамат сотқа келіп, мазалап жүрген сұрағына жауап ала алады.

Қайнар: 
Қазалы аудандық сотының баспасөз қызметі