Мемлекеттік бағдарлама арқылы пәтер алып беретіндігін айтып, сенімге кіріп, алаяқтық жасаған

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қызылорда қалалық №2 сотында бөтен мүлікті сенімді теріс пайдалану жолымен бірнеше рет алдап алып, жымқырып, алаяқтық қылмысын жасаған сотталушы азаматша  Ә – ге қатысты үкім шықты.

Атап айтқанда, сотталушы Ә. жәбірленуші А-ға Қызылорда қалалық әкімінің аппаратының лауазымдық қызметінде жұмыс атқаратын танысы бар екендігін және сол арқылы мемлекеттік бағдарлама арқылы 2 бөлмелі пәтер алып беретіндігін айтып, 1 000 000 (бір миллион) теңге ақшасын алдап алған. Содан соң, үйінің құжаттарын  рәсімдеу үшін  жиырма  тоғыз мың жүз елу екі теңге сұрап алған.

Осыдан кейін, сотталушы Ә. қылмыстық әркетін одан әрі жалғастырып, жәбірленуші А- ның танысы жәбірленуші Ж-ға мемлекеттік бағдарлама арқылы пәтер алып беретінін айтып  1 000 000 (бір миллон) теңгесін алдап алып жымқырған.

Сот үкімі бойынша сотталушы Ә. Қазақстан Республикасының ҚК – нің 190–бабының 2–бөлігінің 2) тармағымен кінәлі деп танылып, мүлкі тәркілене отырып, 2 (екі) жыл бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды.

 Үкім заңды күшіне енген жоқ.                                                              

Қайнар: 
Қызылорда қаласы № 2 сотының баспасөз қызметі