Полиция қызметкерлері арасында оқып үйрену сабағы өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Сырдария АІІБ-де «Әкімшілік істерді Сот кабинеті электрондық ақпарат жүйесі арқылы жолдау» тақырыбында оқып үйрету сабағы өтті.

Іс-шараға Қызылорда облысы бойынша соттар әкімшісінің ақпараттық технологиялар және ақпараттық ресурстарды қорғау бөлімінің басшысы Ш.Аманқұлов, «Сот кабинеті» жүйесі арқылы әкімшілік істерді жолдауға жауапты полиция қызметкерлері және аудандық сотының кеңсе меңгерушісі қатысты.

Оқып үйрету барысында «Сот кабинеті» сервисінің барлық жаңа мүмкіндіктері таныстырылды.   

Баяндамашы Ш.Аманқұлов әкімшілік істерді электрондық түрде жіберу мәселелеріне тоқталып, заманауи ақпараттық технологияларды қолдану сот қызметінің қолжетімді, ашық  әрі  тиімді тәсілдерінің бірі болып табылатынын, ақпараттық сервистерді қолдану сот кеңсесі қызметкерлерінің ғана емес, сотқа жүгінетін адамдардың да уақытын үнемдейтіндігін атап өтті.

Іс-шараны өткізу барысында қатысушыларға «Сот кабинеті» арқылы «Әкімшілік істерді жіберу» ақпараттық электронды сервисінің сотқа құжаттарды электронды түрде  беру тәртібі көрнекі түрде таныстырылды.

Полиция қызметкерлері осындай іс-шара өткізілгеніне алғыстарын білдіріп, "Сот кабинеті" сервисін қолдану олар үшін өте ыңғайлы әрі тиімді екенін, уақыттарын үнемдеп, жұмыстарын жеделдететінін жеткізді.

Қайнар: 
Сырдария аудандық сотының баспасөз қызметі