Архив событий

19/09/2017

«Ашық есік күні» өткізіледі

19/09/2017

2017 жылдың 06 қазанында сағат 16:00 мен 18:00 аралығында Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында соттың төрағасы мен судьяларының қатысуымен кезекті «Ашық есік күні» іс-шарасы өткізілетінін хабарлаймыз.

«Ашық есік  күні» іс-шарасына кез-келген тілек білдіруші азаматтар қатысып  өзінің сұрақтарын қоюға мүмкіндіктері бар.

Іс-шараның өткізілу мақсаты азаматтардың құқықтық мәдениетін және сот  төрелігінің ашықтығы мен қолжетімділік деңгейін арттыру болып табылады.

Арал аудандық соты, аудандық прокуратура және аудандық ішкі істер бөлімі өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды

19/09/2017

Арал аудандық сотының төрағасы Е.Тұрбаев, аудан прокуроры Б.Тоқмырза және аудандық ішкі істер бөлімінің басшысы Ә.Қосбармақов өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

Шараға аудандық соттың судьялары, прокуратура, Ішкі істер бөлімінің  қызметкерлері қатысты.

Қарыз ақша өндіру туралы дау медиация тәртібімен реттелді

19/09/2017

Қармақшы аудандық сотында талап арыз бойынша қарыз сомасын және мемлекеттік  баж өндіру туралы азаматтық іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, жауапкер Л. талап қоюшы К-дан 135 000 теңге қарызға ақша алған, жауапкер оның 25 000 теңгесін берген, қалған 110 000 теңгесін талап қоюшы осы уақытқа дейін ала алмай жүрген.

Жалағаш аудандық соты «Қылмыстық істер бойынша қамаққа алу, қоғамдық жұмысқа тарту түріндегі жазаларының орындалу мәселесі» тақырыбында «дөңгелек үстел» өткізді

19/09/2017

Іс-шараға аудандық сот төрағасы А.Мизанбаев, судья Т.Темірбаев, аудан әкімінің орынбасары Ө.Елеусінов, аудан прокуроры С.Т.Будыков, аудандық пробация бөлімінің аға инспекторы Е.Асқаров, аудандық ішкі істер бөлімі, сот қызметкерлері қатысты.

Қызылорда облысы бойынша соттар әкімшісінің барлық мемлекеттік қызметшілер арасындағы ішкі конкурс бойынша бос әкімшілік мемлекеттік лауазымына (C-R-4 санаты) әңгімелесуге жіберілген үміткер

19/09/2017

2017 жылдың 19 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы соттардың қызметін қамтамасыз ету Департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) Қызылорда облысы бойынша соттар әкімшісінің Конкурстық комиссиясының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға үміткердің  құжаттарын  қарау және әңгімелесуге жіберу  жөніндегі  отырысы  өтті.

Конкурстық  комиссияның шешімі бойынша әңгімелесуге жіберілген  үміткер:

Жүргізілген татуластыру рәсімдері, отбасын сақтап қалуға мүмкіндік берді

19/09/2017

Арал аудандық соты некені бұзу туралы азаматтық істі медиативтік келісімді бекітіп, тоқтатты.

Талап қоюшы Д. талабында, жауапкер Б-мен заңды некеде тұратынын, ортақ некеден кәмелетке толмаған төрт балаларының барын, араларында өзара түсіністік пен бір-біріне деген сыйластықтың жоғалуына байланысты жауапкермен некелік қатынастың үзілгенін, татуласудың мүмкін еместігін, мүлікке қатысты даудың жоқ екенін, ортақ шаруашылықтың жүргізілмейтінін, осыған орай араларында тіркелген заңды некені татуласу мерзімін тағайындамай бұзуды сұраған.

Аңшы мылтығын заңсыз сақтаған

19/09/2017

Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында азамат Г-ге қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 482 бабының 1 бөлігімен  әкімшілік іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, жоспарлық тексеру жұмыстарын жүргізу барысында, Қызылорда қаласы, Қараөзек ауылының тұрғыны Г-ны тексеру кезінде еш құжатсыз аңшы мылтығын ішкі істер органдарының рұқсатынсыз, тіркеусіз заңсыз сақтағаны анықталып, оған қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, сотқа негізінен қарауға жолданаған.

Сот қарыз ақшаны өндіру туралы арызды қанағаттандырды

19/09/2017

Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында талапкер «Э» еншілес жауапкершілігі шектеулі серіктестігі  жауапкер «Н» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен 941 987 теңге қарызды  өңдіру туралы талап арызымен сотқа жүгінген.

5 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды

19/09/2017

Сырдария аудандық сотында құқық бұзушы К-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс материалдарына сәйкес, құқық бұзушы К. өз басқаруындағы автокөлігін алкогольді масаң күйде, Қазақстан Республикасы Жол жүрісі Қағидаларының (ЖЖҚ-ның) 2.4.2 және 13.8 тармақтарының талаптарын бұзып, «Тобол-Лисаковскпо» айналмалы жолында «С» ЖШС-не қарасты автокөлікке соқтығысып, мүліктік залал келтірген.

Қызылорда қалалық сотының судьясы Достық үйінде татуластыру рәсімдерін дамыту мәселелері бойынша «дөңгелек үстел» өткізді

19/09/2017

Қызылорда қалалық сотының судьясы К.Ә.Сәдуақасова Қызылорда қаласының Достық үйінде «Медиация дамыту орталығы» РҚБ Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің директоры Л.Ш.Бактибаевамен бірлесе отырып «Татуластыру рәсімдері. Медиация дауды шешудің тиімді тәсілі» тақырыбында «дөңгелек үстел» өткізді.