Архив событий

25/09/2017

Қармақшы аудандық сотында «дөңгелек үстел» өтті

25/09/2017

Қармақшы аудандық сотының ұйымдастыруымен аудандық сотта «Қылмыстық істер бойынша сотталушыларды қоғамдық жұмыстарға тарту мәселелері» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті.

Аталған шараға аудандық соттың төрағасының міндетін атқарушысы Лаура Алибекова, аудандық сот судьясы Ермек Құтыбаев,  аудан прокурорының аға прокуроры  Ерлан Мұхтаров, аудандық пробация қызметінің аға инспекторы Жақсыбек Жүнісов және кент әкімідігінің орынбасары Алмат Қойшыбаев қатысты.

«Ашық есік күні» өткізілетіні хабарланады

25/09/2017

Сот төрелігінің ашықтығын қамтамасыз ету, азаматтардың сот жүйесіне деген сенімін арттыру, сот төрелігін атқару барысында азаматтардың заңды құқықтарының сақталуын қорғау мақсатында Қызылорда облысы Шиелі аудандық сотында 2017 жылдың 28 қыркүйек күні сағат 10:00-ден 12:00-ге дейін «Ашық есік күні» өткізіледі.

Азаматтар мен заңды тұлғаларды  сот төрелігін жүзеге асыруға байланысты сұрақтарымен Шиелі аудандық соты төрағасының міндетін атқарушы қабылдайды.

Жалағаш аудандық сотында азаматтық іс партисипативтік рәсім негізінде тоқтатылды

25/09/2017

ҚР Азаматтық процесуалдық кодексінің міндеттерін жүзеге асыру мақсатында азаматтық іс тараптардың адвокаттарының жәрдемдесуімен олардың келіссөздер жүргізуі арқылы дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісім жасаумен аяқталды.

Жалағаш аудандық сотына талапкер А. жауапкер Ж-дан қарыз ақша өндіру туралы талап арызымен жүгінген болатын.

Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында брифинг өткізілді

25/09/2017

Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Оңалту және банкроттық заңының қолданылуы» тақырыбында жергілікті баспасөз өкілінің  қатысуымен брифинг өткізілді.

Брифингті судья М.Сарсенов жүргізді.

«Мемлекеттік тілді қолдану аясын кеңейту» тақырыбында «дөңгелек үстел» өткізілді

25/09/2017

Қызылорда  облысы  бойынша  соттардың  мемлекеттік тілдің  қолданылу  аясын  кеңейту  жөніндегі  2017 жылға  арналған  жұмыс  жоспарына сәйкес, құқық қорғау қызметкерлерінің қатысуымен  «Мемлекеттік  тілдің  қолдану  аясын  кеңейту»  тақырыбында  «дөңгелек  үстел»  өткізілді.

Сот төрағасы М.Ибрашев мемлекеттiк тiлдің – Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында, мемлекеттiк басқару, заң шығару, сот жүйесінде қолданылатынын айтып өтті.

Мас жүргізуші көлік құралдарын жүргізу құқығынан айырылды

25/09/2017

Сырдария аудандық сотында құқық бұзушы азамат С-ға қатысты әкімшілік  іс  қаралды.

Іс құжаттарынан анықталғаны, құқық бұзушы С. Тереңөзек кенті, Тоқтыбаев көшесінің  бойында  автокөлігін  алкогольді  масаң  күйінде  басқарған.

Құқық бұзушының мас күйін медициналық тұрғыда куәландыру актісіне сәйкес, оның құқық бұзушылық жасаған сәтте алкогольдік масаң күйде  болғандығы  анықталған.

«Сот кабинеті» сервисінің артықшылығы

25/09/2017

Сырдария аудандық сотының бас маманы Б.Бисенбай «Сырдария аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мамандарының қатысуымен «Сот кабинеті» сервисінің артықшылығы  тақырыбында  көшпелі  семинар  сабағын  өткізді.