Қалалық сот судьясы Жүсіпов Телжан Қуанышбекұлына алғыс білдірді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қызылорда қалалық сотына азаматша Набира Кульбаевадан Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот төрағасы Қайрат Мәмидің атына судья Телжан Жүсіповке жолдаған алғыс  хаты  келіп түсті.

Алғыс хатта: Жұмыстан шығару жайлы бұйрықтың күшін жойып, бұрынғы жұмысына қайта орналастыру туралы азаматтық ісі бойынша судья Т.Жүсіпов талап қоюшы мен жауапкердің дәлелдемелерін жан-жақты егжей-тегжейлі қарап, іс бойынша қажетті құжаттарды сотқа тапсыруына ықпал жасап, екі жақты тең ұстап, мұқият қарады. Мен Телжан Қуанышбекұлынан қазақтың қара қылды қақ жаратын баяғы билердің ұрпағының бүгінгі бейнесін көрдім», - деп ризашылығын білдірген.                                      

Қайнар: 
Қызылорда қалалық сотының баспасөз қызметі