Архив событий

28/09/2017

Хабарландыру, ішкі конкурс жарияланады

28/09/2017

«Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін  қамтамасыз ету Департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты  аппаратының) Қызылорда облысы бойынша соттар әкімшісі» республикалық мемлекеттік мекемесі, 120014, Қызылорда қаласы, Әйтеке би көшесі №29, анықтама телефондары:

Облыстық сотта әдеп жөніндегі уәкілдің қатысуымен семинар сабағы өтті

28/09/2017

Қызылорда облыстық сотында Қызылорда  облысы бойынша соттар әкімшісі басшысының орынбасары, әдеп жөніндегі уәкіл Мөлдір Асанованың жүргізуімен «Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтауы» тақырыбында семинар сабағы өткізілді.

Іс-шараға соттар әкімшісінің бөлім басшылары, қала орталығында орналасқан соттардың кеңсе меңгерушілері және сот мамандары қатысты.

Сотпен оқу ақысына берешек қарызы өндірілді

28/09/2017

Арал аудандық сотында «Ақмола колледжі» ЖШС-ның азамат Н-дан оқу ақысына берешек қарызын өндіру туралы талабы бойынша азаматтық іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, талапкер мен жауапкер арасында мекемемен білім беру қызметтерін көрсету жөнінде келісімшарт жасалған. Шарт талаптарына сәйкес, жауапкер белгіленген уақытта оқу ақысын төлеуге міндетті. Алайда, жауапкер оқу ақысына уақытылы төлем жасамағандықтан, 52 800 теңге мөлшерінде берешек қарызы пайда болған.

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің студенттері сот процестеріне қатысты

28/09/2017

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті студенттері Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының мәжіліс залдарында болып, ашық сот процестеріне қатысты.

Сонымен қатар, студенттер сот процестерінің аудио-бейне жазбалардың қолданылуымен өткізіліп жатқанын көріп, «Төрелік» ақпараттық жүйесімен, «Сот кабинеті» сервисімен танысты.

Сот медиациясын жүргізу нәтижесінде неке сақталды

28/09/2017

Байқоңыр қалалық соты неке бұзу туралы азаматтық істі сот медиациясы тәртібімен тоқтатты.

Өзінің талап арызында талапкер Б. жауапкер Н-мен 2002 жылы неке құрып, ортақ некеден кәмелетке толмаған бес бала тәрбиелеп отырғанын, алайда ортақ түсіністіктің болмауынан мінездері жараспағанын көрсеткен. Ортақ шаруашылықтың жүргізілмейтінін, ортақ мүлікті бөлу және балаларды тәрбиелеу туралы даудың жоқтығын ескеріп, некені бұзуды сұраған.

Қарыз ақша өндіру туралы дау медиация тәртібімен реттелді

28/09/2017

Қармақшы аудандық сотында талап арыз бойынша қарыз сомасын және мемлекеттік  баж өндіру туралы азаматтық іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, жауапкер Л. талап қоюшы К-дан 135 000 теңге қарызға ақша алған, жауапкер оның 25 000 теңгесін берген, қалған 110 000 теңгесін талап қоюшы осы уақытқа дейін ала алмай жүрген.

Сотқа құрметтемеушілік танытқаны үшін жауапкершілікке тартылды

28/09/2017

Қызылорда қаласының №2 сотында Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің 296-бабының 2-бөлігімен сотталушы Ж-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сот отырысының болатын жері мен уақыты көрсетілген СМС хабарлама сотталушы Ж-ға жеткізілген. Алайда, сотталушы Ж. сот отырысының болатын жері мен уақыты туралы хабардар бола тұра, сот отырысына келмеген және келмеу себептерін хабарламаған.

Сотталушы Ж. тарапынан жоғарыда көрсетілген сотқа құрметтемеушілік әрекеттері жасалған.

Назарларыңызға! «Ашық есік күні» өткізілетінін хабарлаймыз

28/09/2017

2017 жылдың 6 қазанында, сағат 10:00-ден 12:00 аралығында Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында осы соттың төрағасы мен судьяларының қатысуымен кезекті «Ашық есік күні» іс шарасы өткізілетінін хабарлаймыз.

«Ашық есік күні» іс-шарасына кез-келген тілек білдіруші азаматтар қатысып өзінің сұрақтарын қоюға мүмкіндіктері бар.

«Ашық есік күні» қосымша ақпараттар алу үшін 55-98-51 телефон номеріне хабарласуға болады.

 

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты «дөңгелек үстел» өткізді

28/09/2017

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен «Кәсіпкерлермен бірге жарқын болашаққа » тақырыбында мемлекеттік ұйымдардың қатысуымен «дөңгелек үстел» өткізілді.

«Дөңгелек үстел» жұмысын ашқан судья Қ.Бержанов кіріспе сөзінде қысқаша мәліметке тоқталып, қазіргі таңда кәмелетке толмағандардың заңсыз жұмысқа орналасу, түнгі уақытта үй жайдан тыс жерде жүру, кәмелетке толмағандарға темекі, арақ бұйымдары сатылу фактілері көбейіп бара жатқанын атап өтті.

Қылмыстық іс медиация тәртібімен тоқтатылды

28/09/2017

Қармақшы аудандық сотында Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің 191-бабының 1-бөлігімен сотталушы Ж-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотпен анықталғаны, сотталушы Ж. Жосалы кентінің орталық алаңда келе жатып, сол жерде кетіп бара жатқан Ә-нің қолындағы әмиянын көріп, оның соңынан еріп келіп, әмиянын қолынан жұлып алып, ашық жымқырып, жәбірленуші Ә-ға жалпы 36 480 теңге мүліктік залал келтірген.

Сөйтіп, сотталушы Ж. бөтеннің мүлкін ашық жымқырып, қылмыстық құқық бұзушылық жасаған.

Жаза өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босату жөніндегі өтініш қанағаттандырылды

28/09/2017

Қазалы аудандық соты жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босату  туралы өтінішхатты қарады.

Іс құжаттарына сәйкес, сотталушы А. Қазалы аудандық сотының 13.03.2017 жылғы үкімімен Қазақстан Республикасы ҚК-нің 188-бабының 1-бөлігімен 1 жыл мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасына сотталған.

Жаңақорған аудандық сотында Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 608-бабы бойынша қаралған істерге қатысты брифинг өтті

28/09/2017

Жаңақорған аудандық сотының судьясы Б.Елшібеков, «Жаңақорған тынысы» аудандық газетінің тілшісі С.Әбдіштің қатысуымен Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 608-бабымен қаралған әкімшілік істер бойынша брифинг өткізді.

Статистикалық мәліметтерге сай 2017 жылдың 8 айында Жаңақорған аудандық сотына Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 608-бабымен (көлік құралын масаң күйде басқаруы) 97 әкімшілік істер келіп түскен. Әкімшілік істерді қарау нәтижесімен 91 құқық бұзушы жазаға тартылса, 1 іс өндірісітен қысқартылғанын және 2 іс соттылығы бойынша жолданған.

Хабарландыру, жалпы конкурс

28/09/2017

«Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін  қамтамасыз ету Департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты  аппаратының) Қызылорда облысы бойынша соттар әкімшісі» республикалық мемлекеттік мекемесі, 120014, Қызылорда қаласы, Әйтеке би көшесі №29, анықтама телефондары: 8 (7242) 55-12-08, 55-12-09, факс: 55-12-03, e-mail:
724-0200@sud.kz,  «Б» корпусының бос  мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурс жариялайды: