Архив событий

05/09/2017

Әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін айыппұл төледі

05/09/2017

Жаңақорған аудандық сотында азамат Б-ға  қатысты Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 73-1-бабының  1-бөлігімен қозғалған әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, құқық бұзушы Б. азаматша А-ның денсаулығының қысқа мерзімге бұзылуына және қасақана жеңіл зиян келтіргеніне байланысты, оған қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, сотқа негізінен қарап, шешім қабылдау үшін жолданған.

Хабарландыру, жалпы конкурс

05/09/2017

«Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін  қамтамасыз ету Департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты  аппаратының) Қызылорда облысы бойынша соттар әкімшісі» республикалық мемлекеттік мекемесі, 120014, Қызылорда қаласы, Әйтеке би көшесі №29, анықтама телефондары: 8 (7242) 55-12-08, 55-12-09, факс: 55-12-03, e-mail:
724-0200@sud.kz,  «Б» корпусының бос  мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурс жариялайды:

         

Хабарландыру, ішкі конкурс жарияланады

05/09/2017

«Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін  қамтамасыз ету Департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты  аппаратының) Қызылорда облысы бойынша соттар әкімшісі» республикалық мемлекеттік мекемесі, 120014, Қызылорда қаласы, Әйтеке би көшесі №29, анықтама телефондары:
8 (7242) 55-12-08, 55-12-09, факс: 55-12-03, e-mail: 724-0202@sud.kz, «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс жариялайды:

Дәрменсіздігіне байланысты банкрот деп танылды

05/09/2017

Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының өндірісінде арыз беруші «Қызылорда қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» мемлекеттік мекемесі «К» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін банкрот деп тану туралы арызы бойынша азаматтық ісі қаралды.

Құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды

05/09/2017

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Құқық бұзушы Г. кәмелетке толмаған қызы қоғамдық орында шемішке шағып, оның қалдығын жерге тастап, қоғамдық орынды ластаған, яғни ҚР ӘҚБтК-нің 435-бабында көзделген ұсақ бұзақылық әкімшілік құқық бұзушылық әрекеттер жасаған.  

Сот қаулысымен құқық бұзушы Г. ҚР ӘҚБтК-нің 435-бабымен кінәлі деп танылып, оған 11118  теңге көлемінде айыппұл салынды.