Архив событий

29/09/2017

Ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды

29/09/2017

Сырдария аудандық Достық үйінде аудандық сот, аудандық әкімдік, Сырдария ауданының прокуратурасы және Сырдария аудандық пробация қызметі арасында қылмыстық істер бойынша қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаны қолдану мәселелері бойынша ынтымақтастық туралы Меморандумға  қол қойылды.

Сот қарыз ақшаны өндіру туралы арызды қанағаттандырды

29/09/2017

Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында талап қоюшы «Р» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жауапкер «К» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен 5 972 187 теңге қарызды өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, тараптар арасында тауарды сату-сатып алу келісім шарты жасалған. Келісімшартқа сәйкес, талап қоюшы жауапкерге тауарды жеткізуге, ал жауапкер жеткізілген тауарға төлем төлеуге міндеттелген.  

Заңсыз салынған құрылыстарға меншік құқығын тану туралы азаматтық істер талқыланды

29/09/2017

Қызылорда қалалық сотының төрағасы мен судьяларының қатысуымен «Заңсыз салынған құрылыстарға меншік құқығын тану туралы азаматтық істердің қаралуы» тақырыбында талқылау өткізді.

Талқылауда сот төрағасы Мұқтар Еркінбеков қалалық сотта қаралатын азаматтық істердің басым бөлігін жер телімдеріне қатысты даулар құрайтынын айтып өтті.