Архив событий

15/09/2017

Облыстық сотта семинар сабағы өтті

15/09/2017

Қызылорда облыстық сотында аймақтық оқу орталығының ұйымдастыруымен семинар сабағы өтті.

Семинар жұмысына облыстық соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы, алқа судьялары мен аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағалары мен судьялары қатысты.

Іс-шараны ашқан азаматтық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы Әділхади Шығамбаев күн тәртібіндегі негізгі мәселелерді айтып өтті.

Шиелі аудандық сотында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды

15/09/2017

Ағымдағы жылдың 14 қыркүйегінде Шиелі аудандық сотында аудандық сот судьяларының, пробация қызметі, жергілікті атқарушы орган өкілдерінің, прокуратура қызметкерлерінің, жергілікті баспасөз құралдары өкілдерінің қатысуымен қылмыстық істер бойынша сотталғандарға  қоғамдық жазаға тарту түріндегі жазаны қолдану мәселелеріне қатысты «дөңгелек үстел»  өткізілді.

Байқоңыр қалалық сотында 4 азаматтық іс партисипативтік рәсім негізінде тоқтатылды

15/09/2017

Байқоңыр қалалық сотына талапкер Қ. жауапкерлер Б., К.,Н., Ш-дан қарыз ақша өндіру туралы талап арызымен жүгінген болатын.

Істі сот талқылауына дайындау барысында тараптардан өкілдері болып табылатын  адвокаттардың қол қоюы арқылы партисипативтік келісім жасау туралы өтініш түсті.

Қызылорда қаласының мамандандырылған сотының төрағасы М.Ибрашев пен судья Ш.Қожантаев тікелей эфирде сұхбат берді

15/09/2017

Қызылорда қаласының мамандандырылған сотының төрағасы Мейрамбек Ибрашев пен судья Шалқар Қожантаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»  және  «Сот жүйесінде  жаңа технологияларды қолдану  аясы» тақырыбында Қоғам телеарнасының «Мезгіл мәселесі» бағдарламасына қатысып тікелей эфирде сұхбат берді.

Қармақшы аудандық соты науқасты мәжбүрлеп емдетуге жолдады

15/09/2017

Қармақшы аудандық соты туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын азамат М-ны мәжбүрлі түрде емдеуге жолдау туралы «Қармақшы аудандық орталық ауруханасы» МҚК-ның арызы бойынша азаматтық істі қарады.

Іс материалдарына сәйкес, науқас М. 12.05.2015 жылдан бастап диспансерлік есепте тұратынын, ем барысында дәрілерін ішпей емді үзіп, үнемі спирттік ішімдіктер ішіп, ем-шарадан қашқақтап жүрген.

Азаматтық іс медиация тәртібімен қысқартылды

15/09/2017

Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында талапкер «Н» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жауапкер «Қ» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнынан 109 760  теңге өңдіру туралы талап арызбен сотқа жүгінген.

Сот отырысында тараптар талап арызды медиация тәртібімен істі қарап жатқан судьяға өтінішхатпен жүгінген.

ҚР АПК-нің 179-бабының 4-тармағына сәйкес, тараптардың өтінішхаты бойынша медиацияны іс жүргізуінде іс жатқан судья өткізуі мүмкін.

Қызылорда облысы бойынша соттар әкімшісінің мемлекеттік қызметшілері арасындағы жалпы конкурс бойынша (C-R-5 санаты) әңгімелесуге жіберілген кандидаттар тізімі

15/09/2017

2017 жылдың 15  қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы соттардың қызметін қамтамасыз ету Департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) Қызылорда облысы бойынша соттар әкімшісінің конкурстық комиссиясының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға құжаттарды  қарау және әңгімелесуге жіберу жөніндегі отырысы өтті.

 Конкурстық комиссияның шешімі бойынша  әңгімелесуге жіберілген кандидаттар тізімі:

Хабарландыру, ішкі конкурс жарияланады

15/09/2017

«Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін  қамтамасыз ету Департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты  аппаратының) Қызылорда облысы бойынша соттар әкімшісі» республикалық мемлекеттік мекемесі, 120014, Қызылорда қаласы, Әйтеке би көшесі №29, анықтама телефондары:

Күрделі жөндеуге жұмсалған қарыз өндірілді

15/09/2017

Қазалы аудандық сотында «Сұлутам» ПИК –тің Әйтеке би кентінің тұрғынынан берешек сомасын өндіру туралы азаматтық істі қарады.

Іс құжаттарына қарағанда, көп пәтерлі тұрғын үй нысанын жөндеуден өткізу туралы шешім жалпы меншік иелерінің қатысуымен қабылданған. Аталған бағдарламаға сай жауапкер тұрып жатқан үйге күрделі жөндеу жүргізіліп, үй мемлекеттік комиссиямен күрделі жөндеуден кейін пайдалануға қабылданған. Жауапкердің берешегі 110 000 теңгені құраған.

Қазақстан Республикасының аумағынан шығарып жіберілді

15/09/2017

Қазалы аудандық сотында Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 517-бабының 7-бөлігінде қарастырылған құқық бұзушылықты жасаған Өзбекстан Республикасының азаматына қатысты әкімшілік істі қаралды.

Сот анықтағандай, Өзбекстан Республикасының азаматы Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 517-бабы 2-бөлігімен әкімшілік жауапқа тартылған тұлға бола тұра, бір жыл ішінде оны қайталап, тіркеу кезінде көші-қон карточкасында көрсетілген мерзім өткеннен кейін үш тәуліктен асатын кезең ішінде Қазақстан Республикасынан уақытылы шығып кетуден жалтарған.