Архив событий

08/09/2017

Даулар медиация тәртібімен шешілуде

08/09/2017

Қызылорда қалалық сотында азаматтық істер бойынша дауды медиация тәртібімен реттеу тәсілі қолдана отырып қаралуда.

Медиация рәсімін кеңінен қолдану бойынша атқарылған жұмыстар өз нәтижесін беріп, осы күні айтысудан шаршаған іс тараптарының өзара келісімге келіп, адамгершілік қарым-қатынастарын сақтап қалуына ықпал етуде.

 Сондай-ақ, Медиация туралы Заңның өміршеңдігі, халыққа тиімділігі дәлелін табуда.  

Есірткі затын заңсыз иемденіп сақтағаны үшін қоғамдық жұмысқа тартылды

08/09/2017

Қазалы аудандық сотында Қазақстан Республикасының ҚК-нің 296 бабының 2-бөлігімен азамат Н-ға қатысты қылмыстық теріс қылық туралы іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, Әйтеке би кенті Ақан Сері көшесінің бойында,  полиция қызметкерлері жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында азамат Б-ны тоқтатып, куәгерлердің қатысуымен жеке қарау кезінде, үстіне киген киімінің қалтасында қағаз қиындысына оралған салмағы 0,91 грамм есірткі заты алынған, яғни ол  кептірілген марихуананы өткізу мақсатынсыз заңсыз иемденіп, сақтаған.

Әкімшілік жауапкершілікке қайта тартылды

08/09/2017

Арал аудандық сотында азамат Б-ға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 440 бабының 4 бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Сотта анықталғандай, құқық бұзушы Б. бір жыл ішінде осы тектес құқық бұзушылықтары үшін екі рет әкімшілік жазаға тартылған адам бола тұра, қоғамдық орында адамның қадiр-қасиетiн және қоғамдық имандылықты қорлайтын масаң күйде қайта жүрген.

Сот қаулысымен құқық бұзушы Б. ҚР ӘҚБтК-нің 440 бабының 4 бөлігімен кінәлі деп танылып, бір тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.

Қызылорда қаласының № 2 сотында «Ашық есік күні» өткізілді

08/09/2017

Қызылорда қаласының №2 сотында «Ашық есік күні» өтті. Шараға келген азаматшаны Қызылорда қаласының №2 сотының  төрағасы Ә.Абу қабылдады.

«Ашық есік күні» шарасы халыққа құқықтық көмек көрсету, сот төрелігіне қолжетімді ету мақсатында өткізіледі. Сонымен бірге, сот билігінің беделін, ашықтығы мен жариялығын арттыру, БАҚ өкілдері мен азаматтардың сауалдарына жауап беру болып табылады.