Архив событий

16/09/2017

Қызылорда облысы бойынша Соттар әкімшісінің қызметкерлері соттар ғимаратының аумағында сенбілік өткізді

16/09/2017

2017 жылдың 16 қыркүйек күні Қызылорда облысы бойынша Соттар әкімшісінің қызметкерлері жаппай сенбілікке шықты.

Сот қызметкерлері жыл сайын соттардың аумағын тазартып, көгалдандыру жұмыстарына қатысады.

Сенбілік жоғарғы деңгейде өтті. Сенбілікке шыққан сот қызметкерлері сот аумағының тазалануына белсене ат салысып, көшелермен қатар, арықтарды жапырақ пен қоқыстардан тазартып, қалдық заттарды шығарумен айналысты.

Дәл осындай сенбілік аудандық соттарда да өткізілді. 

Қызылорда облысы соттарында сенбілік өткізілді

16/09/2017

Бүгін Қызылорда облысының қылмыстық, экономикалық және Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік соттарының ұжымы сенбілік өткізді. Сенбілікке сот қызметкерлері атсалыса қатысып,  ғимарат ішін, сот залдарын, кабинеттер мен дәліздерді тазалады. 

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ұйымдастырылған сенбілікке сот төрағасы мен сот мамандары қатысты. Шара барысында қызметкерлер сот мәжіліс залын, кеңсе кабинеттерін тазалап, белсенді жұмыс жасады.

Жаңақорған аудандық сотының ұжымымен сенбілік өткізілді

16/09/2017

Жаңақорған аудандық сотының қызметкерлері тазарту жұмыстарын жүргізу мақсатында ұйымдасқан түрде сенбілікке шықты.

Сенбілік барысында қызметкерлер дуалдарды ақтап, ернеулерді сырлап бояды, ал біреулері  терезе сүртіп, ауланы қоқыстардан тазартып өздеріне тиесілі аумаққа тазалық жұмыстарын жүргізді.

Аудандық соттың қызметкерлерінің белсенді қатысуының арқасында сот мекемесінің аумағында тиісті тиянақтылық орнады.

Аудандық соттарда сенбілік өткізілді

16/09/2017

Жалағаш, Қармақшы, Сырдария, Арал, Қазалы және Шиелі аудандық соттарында сенбілік өтіп, сот  қызметкерлері сот ғимараттарының  маңын ретке келтірді.

Кеңсе мамандары сот ғимаратының ауласын ұйымдасқан түрде қоқыстардан тазартып қана қоймай, ғимараттың ішіне, қызметтік бөлмелерге тазарту жұмыстарын жүргізді.

Облыстық соттың кеңсе басшысымен бекітілген арнайы кесте негізінде осындай сенбілік жұмыстары алдағы уақытта  өз жалғасын табатын болады.