Архив событий

04/09/2017

Ата-ана міндеттерін орындамағаны үшін әкімшілік жауаптылық

04/09/2017

Арал аудандық сотында азамат М-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, құқық бұзушы М-ның кәмелетке толмаған баласы заңды өкілінің ертіп жүруінсіз түнгі сағат 23.00-ден кейін тұрғын жайдан тыс жерде жүрген, яғни құқық бұзушылықты әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасаған.

Сотта құқық бұзушы М. кінәсін толық мойындап, шын жүректен өкініп, қазіргі уақытта жұмыссыз екенін, алдағы уақытта бұндай әрекеттерге жол бермейтінін айтып, соттан айыппұл мөлшерін азайтуды сұраған.

Назарларыңызға! «Ашық есік күні» өткізілетінін хабарлаймыз

04/09/2017

2017 жылдың 8 қыркүйегінде, сағат 16:00-ден 18:00 аралығында Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында осы соттың төрағасы мен судьяларының қатысуымен кезекті «Ашық есік күні» іс шарасы өткізілетінін хабарлаймыз.

«Ашық есік күні» іс-шарасына кез-келген тілек білдіруші азаматтар қатысып өзінің сұрақтарын қоюға мүмкіндіктері бар.

«Ашық есік күні» қосымша ақпараттар алу үшін 55-98-51 телефон номеріне хабарласуға болады.

Азаматтық іс оңайтылған іс жүргізу тәртібімен қаралды

04/09/2017

Қармақшы аудандық соты талап қоюшы «Арнұр Кредит» МҚҰ ЖШС-нің несие қарызы мен баж алымын өндіру туралы азаматтық ісін оңайлатылған іс жүргізу тәртібімен  қарады.

Талап арызға сай жауапкерге келісім шарт бойынша 24 ай мерзімге несие  берілген, бірақ жауапкер уақытында төлемді өтемей, шарт бойынша  міндеттемелерін орындамаған. Осыған байланысты талап қоюшы жауапкерден берешек сома өндіруді және төленген мемлекеттік бажды қайтаруды сұраған.

Алкоголь өнімін белгіленген уақыттан тыс өткізгені үшін айыппұл салынды

04/09/2017

Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында азаматша Т-ға қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 200 бабының 4 бөлігімен әкімшілік іс қаралды.

«Мәңгілік ел бастауы – рухани жаңғыру» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті

04/09/2017

Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын ұлттық тұрғыда талқылау мақсатында «Мәңгілік ел бастауы – рухани жаңғыру» атты «дөңгелек үстел» өтті.

Іс-шараға Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Қазақстан халқы ассамблеясы кафедрадрасының оқытушысы Нұрсұлу Нұрпейсова, Тарих-құқықтану кафедрасының оқытушысы Айнұр Исаева, Қызылорда облыстық тарихи өлкетану мұражайының ғылыми қызметкері Әлжан Төремұрат, судьялар мен БАҚ өкілдері қатысты.

Қылмыстық сотта «Ашық есік күні» өткізіледі

04/09/2017

2017 жылы қыркүйек айының 7 жұлдызында сағат 16.00-ден 18.00-ге дейін Қызылорда қаласы, Әйтеке би көшесі, 29 мекен жайда орналасқан Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ғимаратында «Ашық есік күні» өткізілетіндігі хабарланады.

Қосымша мәліметтерді 55-97-72 телефоны және 724-2061@sud.kz  электрондық почта арқылы алуға болады.

Сонымен қатар, сотта 55-97-68 сенім телефоны жұмыс жасайды.

«Менің таңдауым-балаларға көмек көрсету»

04/09/2017

Жалағаш аудандық сотында «Менің таңдауым-балаларға көмек көрсету!» атты қайырымдылық акциясы өтті.

Жалағаш аудандық сотының ұжымы аз қамтылған отбасыларын оқу құралдарымен қамтамасыз ету мақсатында кезекті ретте өткізілген қайырымдылық акция  іс-шарасына қатысып, Ш.Ермағанбетова атындағы орта білім мектебінде оқитын аз қамтылған отбасынан шыққан оқушыларға мектепке қажет құралдарын (сөмке, дәптер, қаламсап және тағы да басқа заттар) алып берді.